Соңғы жаңалықтар

«Бақытты бала – бақытты ел» атты іс-шара өтті

Түркістан облысы, Ордабасы ауданының адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты С.Нұрмағанбетов атындағы жалпы орта мектебінде 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Бақытты бала – бақытты ел» атты іс-шара (санитарлық талапты сақтай отырып) ұйымдастырылды. Мерекеге 1-5 сынып аралығындағы аз қамтамасыз етілген, жартылай жетім және көп балалы отбасы балаларынан 40 оқушы қамтылды. Мектеп ұжымы іс –шараға белсене атсалысып, түрлі ролдерді сомдап, балаларға көтеріңкі көңіл – күй сыйлады. Ал балалар үш топқа бөлініп, сурет салды, спорттық ойындардан жарыстар ұйымдастырылды. Жасы кішілері арнайы балалардың көңілін көтеру үшін әкелінген батутта еркін ойнады. Мерекеге қатысқан оқушылардың барлығына балмұздақ сыйға тартылды.

Бүлдіршіндерге арналған игі шараға арнайы қатысқан азаматтар өскелең ұрпақтың мемлекет болашағын қалыптастырудағы маңыздылығына айрықша тоқталып, жас буынның кемел келешегіне тілектестік білдірді.

Жиынның негізгі мақсаты – балалардың құқығын қорғау, денсаулығын сақтау, оларға қоғам болып қолдау көрсету, сапалы білім алуына жағдай жасау және саналы ел азаматы болып қалыптасуына үлес қосу.

Қатысты жаңалықтар

Қажекең 1883 жылы туылған деген дерек шындыққа жақын

azatmedia

Түркістан: Иттер жұлмалап тастаған әйелдің мәйіті табылды

azatmedia

ЗАМЕСТИТЕЛЬ АКИМА ГОРОДА ПРОВЕЛ ПРИЕМ ГРАЖДАН ПО ЛИЧНЫМ ВОПРОСАМ

azatmedia