Бүгін 1 маусым Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесіне орай, Ордабасы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ұйымдастыруымен «Бар жақсылық балаларға» атты қайырымдылық шарасы өткізілді. Аталған шараның өтуіне «Ордабасы» ұлттық тарихи – мәдени қорық музейі демеушілік жасап өз үлесін қосты. Ордабасы аудандық «Күндізгі қатынау» жартылай стационарлық үлгідегі бөлімінде білім алатын мүмкіндігі шектеулі балалар қамтылған бұл шарада жас өнерпаздар ән шырқап би билеп өз өнерлерін көрсетті. Сонымен қатар шара барысында балаларға сый сияпаттар ұсынылып қуанышқа бөледі. Шара соңында Ордабасы аудандық «Күндізгі қатынау» жартылай стационарлық үлгідегі білім беретін бөлім басшысы шараның өтуіне өз үлестерін қосқан мекемелер мен азаматтарға алғыс хаттар табыстады. Атап өтсек бұл күн тек балаларға арналған көңілді мереке ғана емес, барлық балалардың бақыты балалық шағына, толық білім алуларына, сүйікті істерімен айналысуға жағдай жасауды және болашақта үлгілі ата-ана және өз елінің беделді азаматтары болулары үшін қоғамға бала құқығын қорғау қажеттігі туралы тағы бір сәт еске салғандай.
Алдынғы жаңалық
Келесі жаңалық