Соңғы жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: «ӘЛЕМ БАЛАЛАРМЕН ӘДЕМІ» АТТЫ ИГІ ШАРА ӨТТІ

Бүгін қаладағы «Арбат» алаңында «1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні» мерекесіне орай, «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы жанындағы «Отбасы, әйелдер мәселелері және балалардың құқықтарын қорғау» жөніндегі қоғамдық кеңес пен қалалық Мәдениет басқармасының бірлесіп ұйымдастыруымен «Әлем балалармен әдемі» атты келелі шара өтті. Жиынның негізгі мақсаты – балалардың құқығын қорғау, денсаулығын сақтау, оларға қоғам болып қолдау көрсету, сапалы білім алуына жағдай жасау және саналы ел азаматы болып қалыптасуына үлес қосу. Бүлдіршіндерге арналған игі шараға арнайы қатысқан «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Жанар Бектаева өскелең ұрпақтың мемлекет болашағын қалыптастырудағы маңыздылығына айрықша тоқталып, жас буынның кемел келешегіне тілектестік білдірді. «Бүгінгі күні Шымкентте 526 балабақша, 186 мектеп жұмыс істейді. Алдағы бес жылдың ішінде қаламызда 72 мектептің құрылысы жүргізілгелі отыр. Бұл 3 ауысымды мектептердің санын азайтып, балалардың сапалы білім алуына мүмкіндік бермек. Балдырғандарымыздың дені сау, армандары асқақ, пайым-парасаты биік тұлға болып қалыптаса беруіне «Nur Otan» партиясы әрдайым қолдау білдіреді», – деді Жанар Әлібекқызы. Думанды шара барысында балаларға тәттілер үлестіріліп, сыйлықтар тарту етілді. Сондай-ақ, қуыршақтар театры арнайы сахналық қойылымдар қою арқылы балдырғандарға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Қатысты жаңалықтар

«Неге қыз-келіншектерге де мұндай мүмкіндік бермеске» – психологтың пайымы жұртты дүрліктірді (видео)

azatmedia

ЗА 5 МЕСЯЦЕВ В ШЫМКЕНТ ПРИВЛЕЧЕНО 96,9 МЛРД ТЕНГЕ ИНВЕСТИЦИЙ

azatmedia

ТҮРКІСТАН-БӘЙДІБЕК: Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай «30 игі іс» марафоны жалғасуда

azatmedia