Санатталмаған

МАҚТААРАЛ: 152 ОҚУШЫ ШИПАЖАЙҒА АТТАНДЫ

Бүгін Мақтаарал ауданындағы топан судан зардап шеккен Жеңіс, Нұрлы жол, Жантақсай, Жаңа тұрмыс, Өргебас, Фердауси ауылдарының дәрігерлік есепте тұрған және көпбалалы отбасыдан шыққан 152 оқушысы «Сарыағаш» емдік сауықтыру шипажайына демалысқа аттанды.

Бұл игілікті іске Түркістан облыстық қоғамдық денсаулық басқармасы ұйытқы болып отыр, деп жазады Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған AZATMEDIA.kz.

Оқушыларды шипажайға апару ісі Қ.Мүсірепов атындағы жалпы орта мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б.Нысанбаев, Қ.Аманжолов атындағы жалпы орта мектебінің медициналық бикесі және «Сарыағаш» емдік сауықтыру шипажайының дәрігерлеріне жүктелді. Яғни, оқушыларды шығарып салу үшін барлық қауіпсіздік шаралары қолға алынып, жол полициясы, жедел жәрдем қызметі де жұмылдырылған.

Оқушыларды шығарып салу шарасына қатысқан Мақтаарал аудандық білім бөлімінің басшысы Мұратбек Серікбаевтыңайтуынша, санаторийде оқушылардың қашықтықтан оқыту ісі жалғасын тауып, еш кедергісіз оқу жылын аяқтап шығатындығын атап өтті.

Айта кетейік, қазіргі таңда топан судан зардап шеккен 5 ауылдың 2624-і Атакент кенті 8эвакуациялық пунктерге орналастырылған. Оның ішінде 1598-і ересек, 770-і мектеп оқушылары, 256-сы мектеп жасына жетпеген балалар. Қалған эвакуацияланған тұрғындар ағайын-туыстарының үйлерінде тұрып жатыр.

Аудандағы су басқан Жеңіс, Нұрлы жол, Жантақсай, Жаңа тұрмыс, Өргебас, Фердауси ауылдарында бұған дейін 5 мектеп орналасса, бұл білім ұяларында 1820 оқушы дәріс алып келген. Сонымен қатар, 6 балабақша жұмыс істеп келсе, онда 425 бүлдіршін тәрбиеленіпті. Қазіргі таңда бұл оқушылар мен бүлдіршіндер эвакуациялық орталықтарда орналасып, қашықтықтан оқыту жүйесі арқылы білім алуда.

Су тасқынынан зардап шеккен тұрғындардың оқушыларын баспаналары толық бітіп, жаңа баспаналарына жайғасқанға дейін Қазақстан аумағындағы демалыс-сауықтыру лагерлерінде қызықты уақыт өткізулері ұйымдастырылатын болады.

Бүгін 152 оқушыдан бөлек, эвакуацияланған тұрғындардың арасынан 47 зейнеткер мен созылмалы ауруы бар бір топ науқас «Біркөлік» сауықтыру оңалту кешеніне демалысқа жіберілді. Алдағы екі аптада оларға даем-дом шаралары көрсетіледі.

 #AzatMedia

 

Қатысты жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА ЖАҢА МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ АШЫЛАДЫ

azatmedia

КЕНТАУЛЫҚ ТҰРҒЫН «АУЫЛ АМАНАТЫ» БАҒДАРЛАМАСЫ АРҚЫЛЫ КӘСІБІН ӨРКЕНДЕТІП ОТЫР

azatmedia

ТҮРКІСТАН: ВИЦЕ-ПРЕМЬЕР ЖЕТІСАЙДАҒЫ «ТӘУЕЛСІЗДІККЕ 20 ЖЫЛ» КАНАЛЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

azatmedia

ТҮРКІСТАН: ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНДА ОБЛЫСТЫҚ «МӨЛДІР БҰЛАҚ» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

azatmedia

ТҮРКІСТАНДА «БАЛА ҚҰҚЫҒЫ МЕН ҚАУІПСІЗДІГІН ҚОРҒАУДЫҢ ЗАМАНАУИ ТӘСІЛДЕРІ» ТАҚЫРЫБЫНДА СЕМИНАР ӨТТІ

azatmedia

ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫ ОРЫНДАЛДЫ: ШАРДАРА ҚАЛАСЫ САПАЛЫ АУЫЗ СУМЕН ТОЛЫҚ ҚАМТЫЛДЫ

azatmedia

НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ: «АЗАМАТТАРДЫҢ СЕНІМІ – БІЗ ҮШІН ЕҢ ҮЛКЕН ЖАУАПКЕРШІЛІК»

azatmedia

ТҮРКІСТАН: «АРЫС-2» ТЕМІРЖОЛ ВОКЗАЛЫ ЖАҢҒЫРТУДАН КЕЙІН ҚАЙТА АШЫЛДЫ

azatmedia

ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫ: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ МАҚТААРАЛ АУДАНЫНДА 52 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БАЛАЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

azatmedia

Пікір қалдыру