Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлымен кездесті, деп жазады қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «anyqtimes.kz» ақпараттық агенттігі. Шаhар басшысы кездесу барысында қала аумағындағы діни ахуал мәселелері, қайырымдылық бағытындағы жұмыстар, мешіттер төңірегінде сұқбаттасты. Биыл қала әкімінің тікелей қолдауымен 75 мың отбасыға қайырымдылық көмек көрсетілді және ҚМДБ Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің қолдауымен «Рамазан қайырымдылық айы» іс-шарасы өтті. Жалпы жергілікті мешіттер мен әкімдік арасында көптеген тағылымы мол жұмыстар атқарылуда. Қала әкімі ҚМДБ-ның бастамаларына, бірлесе атқарылатын іс-шараларға әрдайым қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізді. Айта кетсек, Шымкент қаласында 89 мешіт ҚМДБ-на филиал болып тіркелген. «Шымкент» медресе – колледжінде ерлер мен қыздар бөлімі қатар жұмыс істейді.Және ҚМДБ-ға қарасты бір «Ықылас» қарилар дайындау орталығында 70 шәкірт, «Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti» жеке қайырымдылық мекемесінде 40 шәкірт онлайн тәлім алуда.
Алдынғы жаңалық
Келесі жаңалық