Соңғы жаңалықтар

ШЫМКЕНТТІК ЖАСТАР САЯСИ ҚУҒЫН-СҮРГІН ЖӘНЕ АШАРШЫЛЫҚ ҚҰРБАНДАРЫНА ТАҒЗЫМ ЕТТІ

Шымкентте «Елбасы медалі» жобасының 60 қатысушысы саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алды. Балалар Қасірет мемориалындағы «Ана мен бала» монументіне гүл шоқтарын қойып, зұлмат заман құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алды. Жиналған қауымға қуғын – сүргін кезіндегі тарихи оқиғалар жайлы таныстыру дәрісі өткізілді. – Шынымды айтсам, осы күнге дейін Шымкентте саяси қуғын – сүргін құрбандарына арналған ескерткіш бар екенін білмеппін. Шараға дейін осы кезең тарихын толығырақ зерттей бастадым және ол маған қатты әсер етті. Еліміздің жастары аштық пен жаппай қуғын – сүргін, қудалау және кінәсіз адамдарды күштеп депортациялаудың салдарын білетініне және ұмытпағанына тәнті болдым, – деді Шымкент қаласының тұрғыны Бейбарыс Жүсіпбеков.Атаулы күнге байланысты еске алуға арналған іс-шаралар Елбасы академиясының ұйымдастыруымен еліміздің басқа да қалаларында өтті. Жалпы, 1,5 мыңнан астам қатысушы қамтылды. Еске алуға арналған жиын барысында санитарлық – эпидемиологиялық нормалар сақталды.

Қатысты жаңалықтар

Жезөкшеліктің жаңа түрімен табыс тапқан қарағандылық ару желіні шулатты

azatmedia

ШЫМКЕНТ: ҚОС ТАРАП МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ

azatmedia

БӘЙДІБЕКТІК ТҰРҒЫН ҚАЙТАРЫМСЫЗ ГРАНТ ҰТЫП, ТІГІН ЦЕХЫН АШТЫ

azatmedia