Түркістан облысы, Ордабасы ауданының адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты, «Ордабасы» жалпы орта мектебінде аудандық «Әкелер мектебі» жоспарына сәйкес 14.05.2021 ж. күні «Баланы ата-ана тәрбиелейді» тақырыбында аудандық семинар өткізілді. Семинарға қонақ ретінде аудандық білім бөлімінің әдіскері Досқара Гүлраушан, аудандық әкелер мектебінің төрағасы Жүсіп Лесбек, орынбасары Асқар Қожагелдиев, «Ордабасы» жалпы орта мектебі әкелер мектебінің төрағасы Мусаев Мухан келіп, қатысты. Семинарда 3а сынып жетекшісі Мамай Эльвира «Әке – отбасының тірегі»,7а сынып жетекшісі Айменова Рахат «Қамқоршым, әке өмірде», 8а сынып жетекшісі Утебекова Дариға «Ата-ана алдындағы бала парызы» тақырыптарында тәрбие сағаттарын өтті.10 сынып жетекшісі Орынбасар Әсия «Жұмысбасты ата-ананың тәрбиесі» пікірталас сабағын ұйымдастырып, өткізді.Мектебіміздің педагог-психологы Ерғара Жұлдыз «Баланың бас ұстазы – ата-ана» тақырыбында ата-аналармен тренинг өткізді.Семинарды қорытындылау мақсатында дайындалған концерттік бағдарламасына қатысып, келген қонақтар сөз кезегін алды. Семинардың жақсы деңгейде өткенін, мұғалімдер мен оқушылардың әкенің орынын, әкені сыйлауды, әкені құрметтеуді, әкеге қолғабыс көрсете білуді ұғынды. Келген ата-аналар өздерін барлық уақытта өз балаларына үлгі бола білуді, мектепте өтіп жатқан барлық іс-шараға белсеніп атсалысуды атап айтты.
Алдынғы жаңалық
Келесі жаңалық