Соңғы жаңалықтар

ЕШКІМ ЖЕҢЕ АЛМАҒАН ЖАПОН БАЛУАНЫН ҚАЛАЙ ЖЕҢДІ?

Жапон балуаны Сарекехимен болған белдесуі тарихи аңыз десек те болады. Жапонияның Хармен қаласында 1912 жылы екеуара ережесіз күрес болады. «Жиу-жутсу» күресін қазақшалағанда «өмір мен өлім» деген мағына береді. Күрестің аты айтып тұрғандай, кілем үстінен өлуге шақ қалып шығасың, не жеңіске жетіп, мерейің тасиды. Қажымұқанға дейін Сарекехиді дүниежүзінде ешкім жеңе алмаған екен. Осы жекпе-жекте атамыздың бір құлағы мыжылып, ерні жыртылып, ауыр жарақаттар алады. Бірақ, ашу үстінде атамыз жапон балуанының үстіңгі ернін бас терісімен қосып сылып алыпты…
Мұражайға келуші қонақтар «Поддубный мен Қажымұқан күрескен бе?» деген сұрақты жиі қояды. «Қажымұқан мен Поддубный күресіп, Қажымұқан жеңген. Алайда, Поддубный Қажымұқанның әрі досы, әрі ұстазы болғандықтан, батыр атамыз жолын берген деседі», – деп жауап береміз», – дейді мұражай қызметкері Перизат.

Қажымұқан «Алашордашылардың» демеушісі болған. Алаштанушы ғалым Тұрсын Жұртбай Қажымұқанның «Алашордашылардың» рухани демеушісі болғанын алға тартады. «Қажымұқан – «Алашордашылардың» рухани демеушісі. Сондай-ақ, ол кісі «Алашорданың» барлық жиындарына қаржылай көмек берген. Әлихан Бөкейханов, Міржақып Дулатов, Жүсіпбек Аймауытов, Халел Ғаббасов сияқты тұлғалармен өте тығыз қарым-қатынаста болған. 1905 жылы «Алаш» идеясымен таныстыру үшін Қажымұқан Қоянды жәрмеңкесінде өнер көрсеткен. Қажымұқанның өнерін көреміз деп жиналған жұрт петицияға қол қойған. Сондай-ақ, 1914 жылы Омбы, Семей қалаларында Алаштың кеңестері өтер алдында міндетті түрде Қажымұқан қатысып, өнер көрсететін болған. Бұл – «Цирктің әртісі Қажымұқан өнер көрсетті» деп, жандармерияға алаштықтардың басқосуын көлегейлеу үшін де таптырмас себеп болыпты. Қажымұқан өнер көрсетіп тапқан қаржы-қаражатын «алашордашыларға» беріп отырған болса керек», – дейді алаштанушы. Қажымұқан өмірінің жиырма жылдан астам уақытын Омбы қаласында өткізген. Бәлкім, ол Алаш зиялыларының жанына жақын жүруді мақсат тұтқан болар. Алаштықтар қуғынға түскенде, Қажымұқан оңтүстікке қарай қоныс аударған екен.

Жадыра Нармаханова
(«Ақ желкен», №8. 2014 жыл)
(Тақырыбы өзгертілді) 

Дереккөз: alashainasy.kz

Қатысты жаңалықтар

Әлия Назарбаева коронавирусқа қарсы вакцина салдырды

azatmedia

Келесте мал шаруашылығы кең өріс алуда

azatmedia

ШЫМКЕНТ: СЕНАТОРЛАР МЕДИЦИНАЛЫҚ ҰЙЫМДАРДЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

azatmedia