Санатталмаған

ӨЗАРА ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ

Түркістан облысының әкімдігі мен «Өзбекстан Республикасы құрылыс министрлігі» екіжақты өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.

Ортақ Меморандум Қазақстан мен Өзбекстан арасында бизнестің бәсекеге қабілеттілігін арттырудың маңызды механизміне айналмақ. Осылайша, екі тарап тығыз коммерциялық байланыстарды дамытуға, екіжақты инвестициялар мен технологияларды беру көлемін ұлғайтуға негіз болмақ, деп жазады Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған AZATMEDIA.kz.

«Түркістанды біз тек Қазақстанның емес, түркі әлемінің мәдени орталығы ету үшін 3 бағытта дамытудамыз. Рухани-мәдени орталық – біздің тарихымыз бен салт-дәстүрімізден сыр шертетін аумақ болады. Мұнда туристік орындар, этноауыл, ботаникалық бақ, кітапхана, театрлар салынса, әкімшілік-іскерлік орталықта біз отырған облыс әкімдігі алғашқы нысан ретінде пайдалануға берілді. Одан бөлек басқармалар, конгресс-холлдар салынады. Жалпы, әрбір инвестициялық жобаны қолдауға дайынбыз. Осыған сіздерді де үлес қосуға шақырамын», – деді Өмірзақ Естайұлы кездесу барысында.

Осы мақсатта компания Түркістан облысының құрылыс алаңына инвестиция салу мүмкіндігін қарастыруға ниетті. Әкімдік өз құзіреті шегінде бастамаларын қолдау және оны іске асыру үшін қолайлы жағдайлар жасауды көздейді. Туркістан облысы әкімінің орынбасары М.Мырзалиев пен Өзбекстан Республикасы құрылыс министрлігі» атынан Министрдің бірінші орынбасары Ш. Хидаятов қол қойған меморандум өңірді дамытуға үлес қосады деп күтілуде.

 #AzatMedia

Қатысты жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА ЖАҢА МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ АШЫЛАДЫ

azatmedia

КЕНТАУЛЫҚ ТҰРҒЫН «АУЫЛ АМАНАТЫ» БАҒДАРЛАМАСЫ АРҚЫЛЫ КӘСІБІН ӨРКЕНДЕТІП ОТЫР

azatmedia

ТҮРКІСТАН: ВИЦЕ-ПРЕМЬЕР ЖЕТІСАЙДАҒЫ «ТӘУЕЛСІЗДІККЕ 20 ЖЫЛ» КАНАЛЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

azatmedia

ТҮРКІСТАН: ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНДА ОБЛЫСТЫҚ «МӨЛДІР БҰЛАҚ» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

azatmedia

ТҮРКІСТАНДА «БАЛА ҚҰҚЫҒЫ МЕН ҚАУІПСІЗДІГІН ҚОРҒАУДЫҢ ЗАМАНАУИ ТӘСІЛДЕРІ» ТАҚЫРЫБЫНДА СЕМИНАР ӨТТІ

azatmedia

ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫ ОРЫНДАЛДЫ: ШАРДАРА ҚАЛАСЫ САПАЛЫ АУЫЗ СУМЕН ТОЛЫҚ ҚАМТЫЛДЫ

azatmedia

НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ: «АЗАМАТТАРДЫҢ СЕНІМІ – БІЗ ҮШІН ЕҢ ҮЛКЕН ЖАУАПКЕРШІЛІК»

azatmedia

ТҮРКІСТАН: «АРЫС-2» ТЕМІРЖОЛ ВОКЗАЛЫ ЖАҢҒЫРТУДАН КЕЙІН ҚАЙТА АШЫЛДЫ

azatmedia

ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫ: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ МАҚТААРАЛ АУДАНЫНДА 52 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БАЛАЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

azatmedia

Пікір қалдыру