Санатталмаған

99 ЖАСТАҒЫ ҰОС АРДАГЕРІНЕ ПӘТЕР КІЛТІ ТАБЫСТАЛДЫ

Жеңістің 75 жылдығына орай Ұлы Отан соғысының ардагері Рысмет Жұмағұловқа Ленгір қаласының 1 мөлтек ауданында 2 бөлмелі үйдің кілті табысталды.

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Жолдымұрат Аманбаев, аудан әкімі Бауыржан Омарбеков, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Әтірхан Шыңғысбаев екінші дүниежүзілік соғыста Жеңіске үлес қосқан майдангерді жаңа баспанасымен құттықтап, арнайы сыйлықтарды табыстады, деп жазады Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған AZATMEDIA.kz.

75 жыл өткен сұрапыл соғыстың 99 жастағы куәгері бұған дейін Ленгір қаласында жер үйде бала-шағасымен бірге тұрып келген. 9 ұл-қыз өсіріп, 50-ге жуық немере, шөбере, шөпшек сүйген ақсақал бүгінгі күнде үлкен отбасының ұйытқысы болып отыр. Жыл өткен сайын қатары сиреп бара жатқан ардагерлерді ардақтау және олардың ерлігіне тағзым ретінде облыс әкімдігі көмек шаралары мен көптеген жеңілдіктер жасап тұрады.

Биыл Түркістан облысында тұратын 40 Ұлы Отан Соғысына қатысушылары мен мүгедектеріне 1 млн. теңге, 8251 тыл еңбеккерлері мен қаза болған жауынгердің жесірлеріне – 30 000 теңге, 2 блокадалық Ленинградтың тұрғынына – 60 000 теңге белгіленді.

Бір реттік материалдық көмектің көлемі 8293 адамға жалпы көлемі 287 810,0 мың теңгені құрайды. Оның ішінде сәуір айында 5826 адамға 170990,0 мың теңгенің көмегі төленді. Жұмыстар жалғасуда.

Сондай-ақ, Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығын мерекелеу құрметіне, 40 соғысқа қатысушыларға облыс әкімінің атынан атаулы құттықтау қағазы мен сыйлықтар беріледі.

 #AzatMedia

Қатысты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: БАЛАЛАРДЫҢ ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

azatmedia

ТҮРКІСТАНДА ЛАМИНАТ ӨНДІРЕТІН ЗАМАНАУИ ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

azatmedia

ҚР АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРІ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ ЖЫЛЫНА 30 МЫҢ ТОННА ЕТ ӨНДІРЕТІН ЗАУЫТТЫҢ ӨНДІРІС БАРЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

azatmedia

САУРАН АУДАНЫНДА КОНДИТЕРЛІК ЦЕХ ТӘУЛІГІНЕ 1 ТОННА ӨНІМ ДАЙЫНДАЙДЫ

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БИЫЛ 50 МЫҢҒА ЖУЫҚ ТҰРҒЫНДЫ ТӘУЛІК БОЙЫ САПАЛЫ АУЫЗ СУМЕН ҚАМТУ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛЕДІ

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ДОТАЦИЯЛЫҚ АЙМАҚТАР ҚАТАРЫНАН ШЫҒУ БАҒЫТЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАРДЫ КҮШЕЙТЕ ТҮСТІ

azatmedia

ТҮРКІСТАНДЫҚ КОМПАНИЯ СҮТ ӨНІМДЕРІН ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ЕЛДЕРІНЕ ЭКСПОРТТАУДЫ ЖОСПАРЛАП ОТЫР

azatmedia

ТҮРКІСТАНДА ЖАҢА ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРДЫҢ СӘУЛЕТТІК ШЕШІМДЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

azatmedia

ТҮРКІСТАН ИНДУСТРИЯЛДЫҚ АЙМАҒЫНДА 30 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСУДА

azatmedia

Пікір қалдыру