Мұңайтпасұлы тұратын үйде қонақта болған филолог-ғалым Әуелбек Қоңыратбаев палуанның физикалық өлшемдерін жазып алған. Сол кезде 75 жастағы палуан жалаңаш тұрғанда 174 келі тартқан. Шалбарының өзіне үш метр мата, көйлегіне 6 метр сұрып кетеді екен. Бойы – 195 сантиметр, төбеден белге дейін – 77 сантиметр, белінен аяғына дейін – 118 сантиметр. Кеудесі – 146 сантиметр, кіндік тұсы – 173 сантиметр, жуан қара санының қалыңдығы – 71 сантиметр, сан жілігінің ұзындығы (жамбастан тізеге дейін) – 65 сантиметр, балтыр – 49 сантиметр, балтырының ұзындығы – 58 сантиметр, табаны – 35 сантиметр, аяқ киімі – шамамен 54-ші өлшем. Шалбарының белдігі – 220 см., жауырынының жалпақтығы – 60 см., қолтық еттің қалыңдығы – 50 см., қар еті – 47 см., екі иығы – 56 см., мойын жуандығы – 56 см.;
Қажымұқан теңдессіз күштің иесі болғанына мына бір оқиға дәлел. Бірде палуандарға үлкен сейфті апарып тастау өтініші түсті. Жолдастарының бұл жұмысты атқара аламай жатқанын көрген Қажымұқан арқан жіптің көмегімен сейфті арқасына салып алып, екінші қабатқа көтеріп кеткен. Сонда сейфтің салмағы 450 келі болған.