Соңғы жаңалықтар

ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ – БАСТЫ МІНДЕТ

Ордабасы аудандық «Жастар ресурстық орталығының» заңгері Қуаныш Пашанов «Жасөспірімдер арасындағы қылмыс пен құқықбұзушылықтың алдын алу» мақсатында карантин режимін сақтай отырып, «Батсу» жалпы орта мектебінің оқушыларымен кездесу өткізді.

Кездесудің мақсаты – әлеуметтік қызмет көрсетуді, психологиялық сауалнамалар жүргізу, волонтерлерді дамыту жұмыстары, ерте жүктілікті болдырмау және оның алдын алу, “ Зорлық зомбылықсыз отбасы” пилоттық жобасы бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

Жастар мен жасөспірімдердің құқықбұзушылық пен қылмыстың пайда болуына әсер ететін факторларын атай отырып, ел сенімін ақтайтын жастар екенін алға тартып,қылмыс пен құқықбұзушылықтан алшақ болуға шақырды. «Түнгі қаладағы балалар» атты түнгі рейдтік ісшарасы бойынша мектеп оқушыларына түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, Қ.Пашанов Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында «Сыбайлас жемқорлықсыз қоғам-болашақ кепілі» екенін тілге тиек етіп, қылмыс пен құқықбұзушылықсыз, сыбайлас жемқорлықсыз қоғам құру әрбір жастың қоғамға атсалысуымен іргетасы қаланатынын жеткізді.

Қатысты жаңалықтар

Діни білім беру жүйесінің – зайырлық сипаты

azatmedia

Тазалық пен абаттандыру жұмыстары жемісін бере бастаған

azatmedia

ШЫМКЕНТТІК СПОРТШЫЛАР АЛДАҒЫ ЖАРЫСТАРҒА ТЫҢҒЫЛЫҚТЫ ДАЙЫНДАЛУДА

azatmedia