Соңғы жаңалықтар

МӘМС қатысты жиын өтті

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қатысты Ордабасы ауданы әкімдігінде Білім бөлімі, Мемлекеттік кірістер, Атамекен кәсіпкерлік, Ішкі істер басқармасы, Жұмыспен қамту, Ауыл әкімдері, Қорғаныс істері, Жастар орталығы өкілдерінің қатысуымен жиын өтті. Жиында Қор филиалы өкілдері жүйедегі өзгерістер, төлем тәртібі, жеңілдетілген санаттағы азаматтарға уақытша статус беру, медициналық қызметтерді сапасын жақсарту, қолжетімділікті арттыруға байланысты пікірлер білдірілді. – Егер жұмыссыз жүкті әйел болса, жүктілікті жүргізу тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі аясында жүзеге асырылады, яғни бұл қызметті сақтандыру мәртебесіне қарамастан ұсыну керек. Егер сақтандырылмаған жүкті әйел емханаға жүгінсе, жүктілік туралы анықтама беріліп, уақытша сақтандыру мәртебесін тағайындау туралы өтініш жасалады.Растайтын құжат (жүктілік туралы анықтама) пен өтініш әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына «Qoldau 24/7» мобильді қосымшасы арқылы жіберіледі. Уақытша сақтандыру мәртебесін тағайындау туралы хабарлама келгеннен кейін, науқас қажетті тексерулер мен кеңестер алуға жіберіледі. Уақытша мәртебе бір айға беріледі. Осы уақыт ішінде ол жаңартылып, жүкті әйел «жұмыс істемейтін жүкті әйелдер» санатына қосылады. Бұл санаттағы азаматтар үшін МӘМС жарнасын мемлекет төлейді. Егер пациенттің бұрын расталған табысы болып, төлемдерді өткізіп алған болса, қарызды төлеу керек. Егер медициналық ұйым жүкті науқасқа қызмет көрсетуден бас тартса, әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына хабарласу керек – «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Түркістан облысы бойынша филиалының бас сарапшысы Гузаль Сабыржанқызы.

Қатысты жаңалықтар

Әке – отбасының тірегі

azatmedia

Шымкент: Құдықта бірнеше жылдан бері жатқан әйелдің мәйіті табылды

azatmedia

Көкшетауда 1 жасар бала түйреуіш жұтып қойды (ФОТО)

azatmedia