Санатталмаған

Әл-Фараби ауданында әлеуметтік көмек алған 2249 отбасы өз кәсіптерін ашқан

Шымкент қаласындағы Әл-Фараби ауданында өткен жылы атаулы әлеуметтік көмек алған 2249 отбасы өз кәсіптерін ашқан. Бұл туралы аудан әкімі Ғ.Мәуленқұлов халық алдындағы қорытынды есебінде айтып өтті.


Оның айтуынша, әлеуметтік көмекті алған отбасылардың 760-сы тігін цехын ашса, 550-і кондитерлік өнімдер шығаруда, ал, 743 отбасы мал шаруашылығымен, 128-і сұлулық салондарын және 68 отбасы ағаш өңдейтін цех пен егін шаруашылығымен айналысуда екен.
Жастар ресурстық орталығында өткен есептік жиынға қала әкімі Е.Айтаханов, ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы Б.Батаев, қалалық мәслихат депутаттары мен басқарма басшылары және аудан тұрғындары қатысты.


2019 жылы атқарылған жұмыстар жайын баяндаған аудан әкімі Ғабит Мәуленқұлов үй басқарушыларымен өтетін ай сайынғы жиын жəне аптаның əр күні таңғы сағат 9:00-10:00 аралығында тұрғындарды қабылдау жүйеге қойылғанын айтты. Өткен жылғы жоспар аясында аудан аумағындағы бірқатар жұмыстар толық орындалса, үйлердің ауласына ойын алаңшалары мен спорттық сауықтыру элементтерін орнату жоспары орындалған.


Қазір Әл-Фараби ауданында 218 865 тұрғын, 14 елдімекен бар. Қала орталығында орналасқандықтан мұнда халыққа күнделікті қажетті инфрақұрылым мәселесі шешілген деуге болады. Дегенмен, кездесуге келген тұрғындар аудан әкіміне қала ішіндегі көлік қозғалысы, ретсіз сауда, ойын алаңшаларының жоғы, автотұрақтардың талаптарға сай емес екенін айтып өтті.
Айта кетейік, ағымдағы жылы әр ауданға 1 миллиард теңгеден бөлінген болатын. Өзекті мәселелер енді кезең-кезеңімен өз деңгейінде атқарылатын болады.

Қатысты жаңалықтар

ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫ: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ МАҚТААРАЛ АУДАНЫНДА 52 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

azatmedia

«Қазақ прозасының көрнекті тұлғасы – Сайын Мұратбеков» атты әдеби сағат өтті

azatmedia

Отбасылық оқу – ұрпақтар сабақтастығы

azatmedia

Жаңабазарда «Дара тұлға – Абылай хан» атты кітапханалық сағат өткізілді

azatmedia

Жазғы демалыс – кітаппен

azatmedia

ҚАЗЫҒҰРТТА БАЛАЛАРМЕН ЖҰМЫС ЖҮРГІЗУДІҢ ТИІМДІ ТӘСІЛДЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

azatmedia

ҚАЗЫҒҰРТТА «ЯСАУИ КЕРУЕНІ» АЙМАҚТЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТАНЫМДЫҚ СЕМИНАРЫ ӨТТІ

azatmedia

2026 ЖЫЛЫ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 45 ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАННЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРГІЗІЛІП ЖАТЫР

azatmedia

НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ: «БӨЛІНГЕН БЮДЖЕТ ҚАРАЖАТЫНЫҢ ТИІМДІ ӘРІ МАҚСАТТЫ ЖҰМСАЛУЫ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА БОЛАДЫ»

azatmedia

ОҚЫРМАН ПІКІРІ – БОЛАШАҚҚА БАҒДАР!

azatmedia

Пікір қалдыру