Басты жаңалықтар Соңғы жаңалықтар

Үздік мектеп үлгілі оқушыларды шақырады

Шымкент қаласындағы мектептер турасында сөз қозғағанда, «Жалын» жалпы білім беру мектебі бірден ауызға ілігеді. Білім сапасымен, жеткен жетістігімен, жап-жаңа материалдық-техникалық базасымен өзге білім ордаларынан оқ бойы озық тұратын мекеме жаңа оқу жылына 1 сыныпқа ақылы және ақысыз негізде оқушыларды қабылдайды.

Мектептің оқушыларға тигізер пайдасы орасан зор. Атап айтсақ, балаларға үй тапсырмасын мектепте орындауға және бос уақытын тиімді өткізуге мүмкіндік беретін ұзартылған күн тобы жұмыс істейді. Онда ағылшын тілі мен математикалық логика тереңдетіліп оқытылады. Оқушыларды сурет салу мен кітап оқуға баулып, жылдам оқуға үйретеді.

Мектептің заманауи техниканы алғашқылардан болып қолданысқа енгізген мекеме екенін де айта кету керек. Мұнда балалар түрлі пәндерді интерактивті смарт-тақтамен өтеді. Жабдықталған пән кабинеттері толық жұмыс істеп тұр. Оқушылар теориялық тұрғыда меңгерген білімін практика арқылы тереңдете түседі.

Мектеп базасына ашық және жабық спорт алаңы, күрес залы, вокалдық кабинет, шеберхана, хореография залы және асхана кіреді. Аптасына 2 рет хореография, вокал, актерлік шеберлік, спорттық ритмика, қолөнер, шахмат, дойбы үйірмелері мен белсенді демалыс ұйымдастырылады.

Бүгінде мектеп шәкірттері түрлі қалалық, облыстық, республикалық білім додаларында бақ сынап, жүлдегер, жеңімпаз атанып, биіктен көрініп келеді. Әрине, мұның артында оқушыларға сабақ беретін педагогтық құрамның білімі мен тәжірибесі, біліктілігі мен берер тәрбиесі тұр. Ұстаздар әрбір баламен жеке жұмыс істеу арқылы оның қабілетін ұштап, білімін жетілдіре түседі.  

Қорыта келгенде, тәжірибелі ұстаздарды біріктірген, материалдық-техникалық базасы жетілген, білім беру бағдарламасы барша заманауи талаптарға жауап беретін білім мекемесінде оқу мүмкіндігі туып тұр. Баланың білімге деген ықыласын ашатын осындай мекемелердің көбеюі – елдің көркеюіне сеп болары анық. Жалынды жастардың ордасына айналған «Жалын» мектебі – жасампаздық пен жаңарудың озық үлгісі болары анық!

Байланыс үшін:

Мекенжайы: Шымкент қаласы, Т.Рысқұлов көшесі 25/2

Байланыс нөмірі: +7 771 455 44 89

«Жалын» мектебі туралы бейнеролик

Қатысты жаңалықтар

ЖҰҚПАЛЫ АУРУҒА ШАЛДЫҚҚАН НАУҚАСТАРДЫҢ САНЫ АЗАЮДА

azatmedia

Израиль Әзербайжанға қару-жарақпен көмектесуде

azatmedia

Дәстүрлі дін мен фундаменталистік радикалды діндердің айырмашылығы

azatmedia