Басты жаңалықтар

Министрлік балалардың дәстүрлі білім беру форматына оралуын қалайды

Мектеп

ҚР Білім және ғылым министрлігі әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа ресми жауап берді, – деп хабарлайды Azatmedia.kz ақпараттық порталы BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.

Әлеуметтік желілерде 7 қыркүйектен бастап орта мектептер дәстүрлі оқу форматына қайта оралады деген қауесет тарап жатыр. Осы ақпарат бойынша министрлік жауап берді.

Санитарлық дәрігерлер бастауыш сынып оқушыларына кезекші сыныптарда оқуға мүмкіндік берді. Сондай-ақ, шағын жинақты мектептерде дәстүрлі форматта да балалар оқиды. Министрлік балалардың дәстүрлі білім беру форматына оралуын қалайды, бірақ бұл шешімді Денсаулық сақтау министрлігіндегі әріптестеріміз қабылдайды. Медициналық дәрігерлер дәстүрлі форматқа біртіндеп көшуге болатынын айтса, біз бұл процесс бойынша жұмыс істейміз. 7 қыркүйекте оқушылар мектепке оралатыны туралы ақпарат жоқ. Бірақ, егер Денсаулық сақтау министрлігі мен санитарлық дәрігерлер шешім қабылдаса, онда бұл сұрақты пысықтаймыз, – деді Білім және ғылым министрлігінің баспасөз хатшысы Гаухар Омарбек.

Қатысты жаңалықтар

Кувейт әміршісі өмірден озды

azatmedia

«Қазақ билігінің Боратты сотқа беруге батылы жетпей отыр» – өзбек басылымы

azatmedia

Ақтөбеде оқушы қыздар өздерінің төбелесін ВИДЕО-ға түсірген

azatmedia

Пікір қалдыру