Саясат Соңғы жаңалықтар

Жиналғандарға дөрекілік танытқан әкім сынға ұшырады

Алматы облысының Панфилов ауданында «Қорғас» бақылау-өткізу бекетінде кептеліс пайда болды. Наразылық білдіргендер жолды жауып тастап, он белсенді ұсталды, – деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Осыдан кейін көлік жүргізушілермен сөйлесу үшін Жаркент қаласының әкімі Болат Омаров келген.

Оның шиеленісті шеше алмағанын, керісінше түсініспеушіліктің өрши түскенін әлеуметтік желіде тараған видеодан байқауға болады

«10 белсенді ұсталды, сондықтан адамдар Панфилов аудандық полиция бөлімшесінің алдына жиналды. «Қорғастағы» жағдайға байланысты. Жүк көліктерін өткізбейді. Видеода Жаркент қаласының әкімі Болат Шәріпұлы. Қасында аудан әкімі Талғат Өмірәлиев», – делінген инстаграмдағы видеоға жазбада.

Видеода әкім жиналғандарға дөрекі сөйлейді. «Әкім мырза, сізді халық сайлады ма? Халықты тыңдаңыз», – дейді жиналғандардың бірі.

«Сен сайлаған жоқсың мені!» – деді Болат Омаров.

Бұл жағдайға қатысты Жаркент әкімдігінің баспасөз қызметі пікір білдірді.

«Жаркент қаласының әкімі Болат Омаров жиналған азаматтарға карантин шектеулер туралы ескертіп, адамдардың таралуын өтінді. Алайда олар тыңдағылары келмеді және әкімді арандатуға кірісті. Нәтижесінде Омаров эмоция үстінде даусын қаттырақ шығарып жіберді. Алайда тұрғындарға дөреке сөйлеген жоқ. Қайта қоғамдық тәртіпті бұзуға жол бермеді. Өңірдегі қоғамдық-саяси ахуал тұрақты», – делінген хабарламада.

Қатысты жаңалықтар

Тұрғындар тарапынан наразылық жоқ

azatmedia

«50 мыңнан астам адам коронавирусқа шалдығуы мүмкін» – ДСМ өкілі

azatmedia

РУКОВОДИТЕЛЬ УПРАВЛЕНИЯ ЗАНЯТОСТИ И СОЦИАЛЬНОЙ ЗАЩИТЫ ВСТРЕТИЛСЯ С ЖИТЕЛЯМИ В ПРЯМОМ ЭФИРЕ

azatmedia