Соңғы жаңалықтар

Қазақстанды танытқан таланттар. Ресейдегі ең бай блогер – қазақ.

Стендап-комик Нұрлан Сабуров мен «Что было дальше?» шоуындағы әріптестері Ресейде ең бай YouTube-блогерлер атанды. Рейтингіні Forbes журналы жариялады, – деп хабарлайды kaz.tengrinews.kz сайты РИА Новости сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, қазақстандық әзілкеш LABELCOM-мен бірге жарнамадан 3,5 миллион доллар пайда тапқан. «Что было дальше?» шоуына жарнама жасайтындар бірнеше ай кезекте тұрады екен. Жарнама берушілер қатарында «Газпром Нефт» және Samsung бар. 

Екінші орында блогер Валентин Петуховтың гаджеттер туралы Wylsacom каналы. Оның жарнамадан түсетін табысы 3,4 миллион доллардан асқан. Канал смартфондар, компьютер мен техника өндірушілерін жарнамалайды, сонымен қатар Петухов «Сбер» және «Мегафонмен» келісімшарт жасасқан.

Үшінші орында әзілкеш Александр Гудковтың «Чикен Карри» каналы тұр. Әзілкештің ең танымал шоуы – Владимир Маркони жүргізетін Comment Out. Гудковтың интернет-жобасының табысы – 1,13 миллион доллар.

Төртінші және бесінші орындарда журналист Юрий Дудь пен актер Антон Лапенко тұр. Олардың әрқайсы бір миллион долларға жуық пайда тапқан. 

Қатысты жаңалықтар

Психологиялық тест: Қай орындықты таңдайсыз?

azatmedia

Коронавирусқа шалдыққандар саны 30 миллионнан асты

azatmedia

НЕСИЕЛІК БАҒЫТТА ТҰРҒЫН ҮЙ САТЫП АЛУШЫЛАР САНЫ АРТУДА

azatmedia

Пікір қалдыру