Басты жаңалықтар

Қазақстанда кинотеатрлар ашылды. Қандай фильмдер көрсетіледі?

Базар жок мексика

Еліміздегі эпидемиологиялық жағдайы тұрақты өңірлерде кинотеатрлар жұмыс істей бастады, – деп хабарлайды Azatmedia.kz ақпараттық порталы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

19 қазанда ведомсвоаралық комиссия ауру өсімі болмаған, эпидемиологиялық жағдайы «жасыл» топқа жататын өңірлерде бизнес субъектілерінің қызметін кезең-кезеңімен қайта бастау туралы бірқатар шешім қабылдаған еді.

«26 қазаннан бастап қашықтық пен маска тағу режимін сақтай отырып, кинотеатрлар толымдылығы 30 пайыздан аспайтын жағдайда жұмысын қайта бастайды», – делінген хабарламада.

Айта кетейік, кинотеатрлар алғашқы жұмыс күнінде көрермендерге отандық «Любовь на миллион» комедиясын көрсетеді. Сонымен қатар, «Пышка» (продюсері Баян Максатқызы), «Семейные страсти» (продюсері Алмат Шадмат) және «Жаным, ты не поверишь» (продюсері Жандос Айбасов) фильмдері көрсетіледі.

2 қарашада «Базар жоқ, Мексика!» комедиясының премьерасы өтеді. Фильмге Асқар Ілиясов, Олжас Абай, Қажет Смағұлов және Айжан Лайджи сынды актерлер түскен.

Қатысты жаңалықтар

Талдықорғанда тәнін саудалаған ер адамдар ұсталды

azatmedia

Головкин келесі жекпе-жекке қашан шығатынын мәлімдеді

azatmedia

Праймеризге қатысушылардың арасында жасы 80-нен асқан қария бар

azatmedia

Пікір қалдыру