Соңғы жаңалықтар

Денсаулық сақтау министрінің үстінен сотқа арыз түсті

Azatmedia.kz.  Ақтөбелік компания Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың үстінен сотқа шағым түсірді деп жазады «Время» газеті.

Газет тілшісінің хабарлауынша, аталған жайт 2019 жылы Ақтөбеде Nefrolife Aktobe медициналық орталығы ашылған уақытта басталған. Медициналық орталық жетекшісі әрі иесі бұрын «Ақтөбе БелАсу» ЖШС-да дәрігер болып істеген. Әуелгіле аталған екі ұйым арасында дау туған.

Газеттегі жазылған ақпаратқа сәйкес, «Ақтөбе БелАсу” ЖШС Nefrolife Aktobe лицензиясын мемлекетке жалған құжаттар көрсету арқылы алған деп мәлімдеме жасаған. Артынша Nefrolife Aktobe-ні лицензиясынан айыру туралы бірнеше рет Денсаулық сақтау министрлігіне есеп беретін мекемеге және тікелей Денсаулық сақтау министріне жүгінген. Бірақ ешбір нәтиже болмапты.

Соңында “Ақтөбе БелАсу” ЖШС Алексей Цойдың үстінен сотқа арыз түсірген. Компания заң бұзушылықтарды жою бойынша шаралар қолданбаған Денсаулық сақтау министрлігі басшысының әрекетсіздігін заңсыз деп тануды сұрайды.

Қатысты жаңалықтар

Түркістан: Сарыағаштықтардың сапалы ауыз сумен қамтылу көрсеткіші 81 пайыздан асты

azatmedia

Түркістан қаласының халқы 500 мыңнан асады

azatmedia

Түркістан облысының ақ халаттылары бір тұрғынды алдап, екпе салып жіберген

azatmedia

Пікір қалдыру