Соңғы жаңалықтар

Жаңа төлем: Бала тууына байланысты бірреттік жәрдемақы беріледі

Жаңадан туылған сәбилердің отбасына бірретік төлем беріледі, – деп хабарлайды Azatmedia.kz ақпараттық порталы.

Бұл туралы CNN жазды. Мұндай игілігі мол шараны Сингапур үкіметі қолға алып отыр. Сингапур премьер-министрінің орынбасары Хенг Сви Кит бұл ынталандыру қаржылық қысымға тап болған және жүктілік пен босануға байланысты жұмысына алаңдайтын адамдарды тыныштандыруға көмектеседі деп санайды.

«Біз Сovid-19-дың кейбір ата-аналарды өз жоспарларын кейінге қалдыруға мәжбүр еткені туралы пікірлер алдық. Бұл түсінікті, әсіресе өз табыстарын болжай алмайтын уақытта», – деді Хенг Сви Кит дүйсенбіде.

Хэн бұл төлемақының ата-аналарға үлкен көмек болатынын тілге тиек етті. Бірақ жәрдемақының нақты мөлшерін айтпады. Қоғамдық денсаулық сақтаудың пандемияға қарсы сәтті шараларына қарамастан, Сингапур экономикасы терең рецессияға түсті. Екінші тоқсанда ЖІӨ өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 12,6% – ға төмендеген. Бұл, экономистердің пікірінше, «тарихтағы ең күрт құлдырау».

Сингапур – әлемдегі ең төменгі туу көрсеткішіне ие ел. Ұлттық статистикалық органның деректеріне сәйкес, қазіргі уақытта туу коэффициенті небәрі 1,14-ті құрайды. Елдегі демографиялық ахуалды табиғи түрде қалпына келтіру үшін әйелдерде орта есеппен 2,1 бала болуы керек. Дегенмен көптеген дамыған елдерде бұл деңгей қазір төмен. Өйткені ерлі-зайыптылар үлесінің төмендеуі және дәстүрлі гендерлік рөлдер мәнінің төмендеуі туу деңгейінің жаһандық төмендеуіне әкелді.

Қатысты жаңалықтар

ШЫМКЕНТКЕ ТУРИЗМ ИНДУСТРИЯСЫ КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ІССАПАРМЕН КЕЛДІ

azatmedia

ШЫМКЕНТ: ТЕКЕСУДА ИНФРАҚҰРЫЛЫМ МӘСЕЛЕСІ ТОЛЫҒЫМЕН ШЕШІЛДІ

azatmedia

ТҮРКІСТАНДА НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІНДЕ ІРІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӨРМЕ-ЖӘРМЕҢКЕ ӨТЕДІ

azatmedia

Пікір қалдыру