Соңғы жаңалықтар

Қарапайым тұрғын лотереядан 200 мың доллар ұтып алды

АҚШ-та Вирджиния штатының Въенна қаласында азық-түлік алуға кеткен азамат 200 мың доллар ұтып алды, – деп хабарлайды  Azatmedia.kz ақпараттық порталы.

Джеффри Демарко есімді АҚШ азаматы дүкенге барғанда 2 лотерея билетін сатып алады. Нәтижесінде 2 билет те ұтысқа ие болған. Әрбірінен 100 мың доллардан шыққан (42 миллион 800 мың теңге).

«Өзгелердің ұтысқа ие болып жатқанын көргенде, күндердің күнінде сенің де солай ұтып алатыныңды тіпті ойламайсың да», – дейді Демарко. Жеңімпаз әлі ақшаны қайда жұмсайтынын шешкен жоқ.

Бұған дейін Солтүстік Каролина штатының Пендер аймағында қарапайым тұрғын дүкенге су алу үшін кіріп, лотереядан 100 мың доллар ұтып алған еді.

Қатысты жаңалықтар

«Ұн қатты қымбаттап кетті» – тұрғындар неге алаңдауды?

azatmedia

Түркістан: Сарыағаш тұрғындары толықтай электр энергиясымен қамтылған

azatmedia

Алматы облысында ер адам өгей ұлдарын зорлап, нәрестені унитазға батырмақ болды

azatmedia

Пікір қалдыру