Соңғы жаңалықтар

Қазығұрттағы ауыз су мәселесі шешіліп келеді

Түркістан облысы, Қазығұрт ауданы, Сарапхана ауылдық округіндегі ауыз су мәселесі шешімін тауып келеді, – деп хабарлайды  Azatmedia.kz ақпараттық порталы.

Елімізде ауыз су тапшылығы азайып келеді. Барлық қала немесе облысқа қарасты аудан мен ауылдардардағы мәселелер бірте-бірте шешілуде.

Түркістан облысы Қазығұрт ауданы Сарапхана ауылдық округіне қарасты 6 елдімекен бар. Олар – Сарапхана, Жіңішке, Махамбет, Майлыошақ , Талдыбұлақ және Бақабұлақ. Өңірде барлығы 1425 үй болса, оның 1281-і ауыз сумен қамтылған. Ал 6 елдімекеннің біреуі ғана ауыз сумен қамтамасыз етілмеген.

Дегенмен 2019 жылы Майлыошақ елдімекенінде су құбырларын жүргізу жұмыстары жүргізіле бастады. Жоспарға сәйкес, жұмыс 2020 жылы аяқталады.

Бұл туралы Сарапхана ауылдық округінің әкімі Әбдіқасым Тұрғара Амантайұлы «Жалпы Майлыошақ елдімекенінде 144 отбасы ауыз судан тапшылық көріп отыр. Дегенмен алдағы уақытта бұл мәселе өз шешімін табады» деп мәлімдеді.

Қатысты жаңалықтар

ӘЛЕУМЕТТІК ЖАҒЫНАН ОСАЛ ТОПТАҒЫ АЗАМАТТАРҒА АЙ САЙЫН ҚАРЖЫЛАЙ ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛУДЕ

azatmedia

СОСТОЯЛАСЬ ВСТРЕЧА С ЖИТЕЛЯМИ МИКРОРАЙОНА НУРШУАК

azatmedia

АКИМ АЛЬ-ФАРАБИЙСКОГО РАЙОНА ПРОВЕЛ ПРИЕМ ГРАЖДАН

azatmedia

Пікір қалдыру