Қоғам

Каспий теңізіндегі құйын желідегілерді таңғалдырды (фото)

Каспий

Әлеуметтік желі қолданушылары Ақтауда Каспий теңізінде сирек кездесетін құбылысты фотоға түсіріп алған. Мұндай құбылыс 2011 жылдың қазан айында Қашаған кен орны ауданында байқалған деп хабарлайды Azatmedia.kz ақпараттық порталы «Қазгидромет РМК-ның» Telegram арнасына сілтеме жасап.

«Әдетте су құйындары тропикалық ендіктерде, өте сирек қоңыржай жерлерде пайда болады. Құйын пайда болуы үшін екі жағдай қажет: теңіздегі су жылы;  бұлттағы ауа суық болуы керек.

Температураның өзгеруіне байланысты атмосфераның жоғарғы және төменгі қабаттарындағы қысымда өзгерістер болады. Мұның себебі – қатты ыстық күнде жаңбыр бұлтының астында пайда болған желден болуы мүмкін. Ал қатты жел бұлттағы қозғалыстардың өте күшті жоғары және төмен ағындардың өзара әрекеттесуі нәтижесінде қалыптасқан. Құйын ортасында өте төмен қысым байқалады, нәтижесінде ол суды көтере алады», – дейді табиғи ресурстары министрлігінде.

Мәліметтерге сәйкес, құйын – алдын ала болжауы қиын құбылыс.

«Құйындардың мониторингі жүйесі станциялар мен посттар желісінің визуалды бақылау жүйесіне негізделген, бұл тек құйын қозғалысының азимутын анықтауға мүмкіндік береді.

Қазгидромет желдің, толқудың және теңіз деңгейінің болжамдарын ұсынады.

«Біздің болжамымызға сәйкес, 22-23 тамызда Ақтауда жел тұрақты шығыс бағытқа ие болды, желдің жылдамдығы 12 м/с дейін жетті, ал оңтүстікте Қазақ шығанағына жақын жерде, ашық акваторияда желдің жылдамдығы 23 Тамызда 23 м/с дейін жетті», – дейді Қазгидромет түсіндірмесінде.

Қатысты жаңалықтар

Масылдар заңсыздықтан да тайынбайды

azatmedia

БАҚ ӨКІЛДЕРІ ЕҢ АЛДЫМЕН МЕМЛЕКЕТТІК МҮДДЕНІ ҚОРҒАУЫ КЕРЕК

azatmedia

ПРЕЗИДЕНТ РЕФОРМАСЫ: ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУ ИГІЛІКТІ АРТТЫРАДЫ

azatmedia

Пікір қалдыру