Ақпарат

ДДСҰ: Карантин шараларын түбегейлі алып тастау қауіпті

карантин

Шекараларын ашып, коронавирустың таралуын тоқтату шараларын алып тастағысы келетін елдерді жағымсыз жайттар күтуі мүмкін, деп ескертті ДДСҰ басшысы деп хабарлайды Azatmedia.kz ақпараттық порталы.

Коронавирустық індетке байланысты жекелеген елдердің карантиндік шектеулерді алып тастауының салдары ауыр болуы мүмкін. Бұл туралы 31 тамызда өткен брифингте Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Аданом Гебрейесус мәлімдеді, деп хабарлайды РБК-Украина.

Оның айтуынша, шекараларын ашып, коронавирустың таралуын тоқтату шараларын алып тастағысы келетін елдерді жағымсыз жайттар күтуі мүмкін.

COVID-19 таралуын неғұрлым көп мемлекет бақылайтын болса, соғұрлым олар ашылады. Бірақ барлық шараларды бақылаусыз бірден алып тастау  – бұл апатқа апарар жол, – деді ДДСҰ басшысы.

Еске сала кетейік, бұған дейін ДДСҰ басшысы коронавирусқа қарсы вакцинаны екі жыл ішінде жасап шығуға және инфекциямен күресте қолда бар құралдарды барынша пайдалануға үміт білдірген болатын.

Қатысты жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ ҮШ ПРОВИЗОРЛЫҚ ОРТАЛЫҚ УАҚЫТША ЖҰМЫСЫН ТОҚТАТТЫ

azatmedia

Түркістанда тігін жұмысы, етек жайып келеді

azatmedia

Жақсылықтан үміт үзбейік

azatmedia

Пікір қалдыру