Қоғам

Мамин карантин шараларын кезең-кезеңімен алуды тапсырды

Бүгінгі Үкімет отырысында ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин елдегі эпидемиологиялық жағдайдың тұрақталып келе жатқанын баяндады. деп хабарлайды BAQ.KZ

Жиын барысында ол, қабылданған кешенді шаралардың нәтижесінде еліміздегі коронавирустың таралу деңгейі және осыған байланысты барлық көрсеткіштердің төмендегені тіркелгенін жеткізді. 

Соның ішінде вирусты репрадуктивтің деңгейі орташа 0,82%-ға дейін төмендеді, емделіп шыққандардың үлесі 3,6% құрап отыр, қалғандары қажетті ем алып жатыр. Бұл ретте ауруханалардың жүктемесі 60%-ға және жедел жәрдем шақыру 62%-ға төмендеді. Осы нәтижелер қабылданып жатқан шаралардың тиімділігін көрсетеді, – деді Үкімет басшысы. 

Сонымен қатар, ол қалыптасып отырған эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, Денсаулық сақтау министрлігіне карантин шараларын кезең-кезеңімен алып тастау жоспарын мемлекеттік комиссияның қарауына бейсенбі күні енгізуді тапсырды.

Қатысты жаңалықтар

«Төлеби нұры» лагері: Жазғы демалыс және жаңа тәжірибе

azatmedia

Қоғам алдында тұрған басты міндеттердің бірі

azatmedia

ТҮРКІСТАН: Қазығұртта кәсіпкерлік саласы жанданып келеді

azatmedia

Пікір қалдыру