Соңғы жаңалықтар

Жылыжай тәжірибесі оң нәтиже көрсетті


Түркістан облысы, Келес ауданы, Жүзімдік ауылдық округі, Жүзімдік елді мекенінің тұрғыны Менлен Айдаров егістіктен жылына екі өнім алып отыр, деп хабарлайды Azatmedia.kz.


Жүзімдік елді мекеніндегі «Менлен» шаруа қожалығы бүгінде 2 гектер жерден жылына екі өнім алып отыр. Бүгінде аталмыш шаруа қожалығын Менлен Айдаров басқарып отыр. Ол алдыңғы қатарлы технологияны қолдана отырып, жылына 2 рет өнім алуды көздеуде. Ерте өнім беретін қырыққабат өнімі ақпан айында егіп, наурыз айында 2 гектар жерден 130-140 тоннаға жуық өнім алған.


Ал, екінші өніміне 2 гектар жер аумағына қызылша егіп 110 тоннадан астам өнім алуды жоспарлап отыр. Жалпы жобаға шығындалған қаржы көлемі 1,5 млн. теңгені құрап отыр.


Аталған жобаның іске асыру мерзімінің ұзақтығы 9 айға жоспарлануда.Жергілікті шаруалар халықты көкөніспен, жеміспен толықтай қамтамасыз ете алмай отыр. Өкініштісі, еліміздің барлық өңірінде жылыжай шаруашылығы көркейіп, елді өніммен қамтып отыр деп айтуға келіңкіремейді. Сондықтан Өзбекстан мен Қытайдан әкелінген өнім нарықты жаулап алды. Ендігі жерде, әсіресе, қыс, көктем мезгілдерінде жылыжайда өсірілген қызанақ пен қияр сұранысты өтеуі тиіс, – дейді аталмыш шаруа қожалығының иесі Менлен Айдаров.

Қатысты жаңалықтар

МУРАТ АЙТЕНОВ: НЕОБХОДИМО ОСВЕТИТЬ УЛИЦЫ ПО ПУТИ В ШКОЛЫ И ДЕТСКИЕ САДЫ

azatmedia

АБАЙ АУДАНЫНДАҒЫ 25 МЫҢҒА ЖУЫҚ ТҰРҒЫН БИЫЛ АУЫЗ СУМЕН ҚАМТЫЛАДЫ

azatmedia

Сайлауда белсенділік танытып, келешегімізді бірге таңдайық!

azatmedia

Пікір қалдыру