Соңғы жаңалықтар

Азаматтар тұрақты медициналық емін қабылдауда

Түркістан облысы, Келес ауданынына қарасты, Бозай ауылдық округінде 1 ауылдық емхана, 1 ФАП жұмыс істейді. Қазіргі таңда ауылдық округ бойынша емдеу мекемелерінде 1 жоғарғы білімді маман, 1 аға дәрігер, 10 мейірбике қызмет етеді.

«Бүгінгі таңда Бозай ауылдық округінен аудандық ауруханада екі азамат ауруханаға жатқызылған. Қазіргі күні жағдайлары өте жақсы. Ауылдық округі бойынша 15 адамға жуық бақылауға алынды. Оларға тиісті ем-дом шараларын жүргізіп жатырмыз. Олардың тыныс алу жолдары таза»,-дейді Жолдыбай Әлимханов Бозай ауылдық округінің фельдшері.

Сондай-ақ, сала маманының айтуынша алғашқы жәрдем беру үшін барлық дәрі-дәрмектер, санитарлық талаптарға сай медициналық бетперде, медициналық қолғап, антисептик құралдарының жеткілікті түрде барын жеткізді. Жаһанды жаулаған қауіпті дерттің алдын алуды бірқатар іс – шаралар жоспары жасалған ауылдық округте медецина мамандарынан арнайы бригада құрып, тұрғындар арасында санитарлық талаптарын жақсарту бағытында түсіндірме жұмыстарын жүргізу жүйелі жолға қойылған.

Қатысты жаңалықтар

Негізгі құндылықтар мен қағидаттар

azatmedia

«Заң сондай, премиямыз заңды» – Денсаулық сақтау министрлігі ресми түрде жауап берді

azatmedia

ШЫМКЕНТТЕ «АҚЫЛДЫ АЯЛДАМА» ПАЙДА БОЛДЫ

azatmedia

Пікір қалдыру