Ақпарат

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «ТАЗА ҚАЛА» МЕН «ТАЗА АУЫЛ» АКЦИЯЛАРЫ ӨТІП, 2 МЫҢ ТОННА ҚОҚЫС ШЫҒАРЫЛДЫ

Түркістан облысында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бағдарламасы тұрақты түрде жүзеге асырылуда. Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес өткен аптада Түркістан қаласында және барлық аудан, қалаларда құрылған жұмысшы топтар базар және сауда орталықтары аумақтарында тазалық жұмыстарына мониторинг жүргізді. Сонымен қатар «Таза қала», «Таза ауыл» іс-шаралары ұйымдастырылды. Бұл жұмыстарға 41 мыңнан аса адам қатысып, 272 техника жұмылдырылды. Нәтижесінде 31 мың ағаш отырғызылып, 69 мың ағаш әктеліп, 2 мың тонна қоқыс шығарылды. Ал осы апта «Таза аула» акциясын өткізу жоспарланып отыр. Бұл туралы Түркістан облысы әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен апталық аппарат мәжілісінде айтылды.

Облыс басшысы сауда орындары мен қоғамдық орындарда санитарлық-гигиеналық тазалық және өрт қауіпсіздік талаптарын қатаң сақталуын қамтамасыз етуді, ретсіз саудаларға жол бермеуді тапсырды. Сауда орындарында жиі қоқыс жиналатын орындарды анықтап, бейнебақылау жүйелерін орнату керек екенін айтты. Полиция департаментімен бірлесіп тұрақты рейдтік іс-шаралар жүргізіңізуді жүктеді. Сонымен қатар облыс көлемінде тазалық, абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарын үздіксіз жүргізуді міндеттеді.

Жиында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында атқарылған жұмыстар туралы облыс әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов баяндады. Оның айтуынша, сауда орталықтарының ішіндегі санитарлық-гигиеналық тазалық талаптарының сақталу деңгейі сын көтермейді. Одан бөлек, сауда орындары жасалған мониторинг нәтижесінде техникалық қауіпсіздік шараларының тиісті деңгейде қамтамасыз етілмеуі, ретсіз сауда сияқты бірқатар кемшілік анықталған. Анықталған кемшіліктер бойынша жауапты тұлғаларға тиісті тапсырмалар берілді.

Өңірде аталған бағдарламаның тиісті деңгейде орындалуы тұрақты бақылауға алынған.

Сонымен қатар, «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында жүргізіліп жатқан жұмыстар тұрғындардың экологиялық мәдениетін арттыруға да бағытталған. Халық арасында қоқыс тастау ережелерін сақтау, қоғамдық орындарды таза ұстау және қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау жөнінде түсіндіру шаралары кеңінен жүргізілуде. Бұл өз кезегінде қоғамда экологиялық сананың қалыптасуына ықпал етеді.

Мамандардың айтуынша, жасыл желектерді көбейту және ағаш отырғызу жұмыстары өңірдің климаттық жағдайын жақсартуға оң әсерін тигізеді. Қалалар мен ауылдардағы көгалдандыру деңгейінің артуы ауаның сапасын жақсартып, тұрғындар үшін қолайлы орта қалыптастыруға мүмкіндік береді. Бұл бағыттағы жұмыстардың жүйелі жалғасуы ерекше маңызды.

Сонымен бірге, тазалық шараларына цифрлық бақылау жүйелерін енгізу ұсынылуда. Бейнебақылау камералары арқылы заңсыз қоқыс тастау фактілерін анықтап, тәртіп бұзушыларға жедел шара қолдану көзделіп отыр. Бұл қоғамдық тәртіпті күшейтуге және жауапкершілікті арттыруға ықпал етеді. Жалпы алғанда, Түркістан облысында жүзеге асырылып жатқан «Таза қала», «Таза ауыл» және «Таза аула» акциялары өңірдің экологиялық ахуалын жақсартуға бағытталған кешенді бастама болып табылады. Алдағы уақытта бұл жұмыстар тұрақты түрде жалғасып, өңірдің тазалығы мен көркеюіне серпін береді.

Қатысты жаңалықтар

СОЗАҚ АУДАНДЫҚ КӘСІПОДАҚ ҰЙЫМЫНЫҢ ХVII ЕСЕП-БЕРУ САЙЛАУ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ

azatmedia

Патерналистік үлгінің ерекшелігі

azatmedia

ТҮРКІСТАНДА ЕЛ БІРЛІГІ МЕН РУХАНИ МӘДЕНИЕТТІ ДАМЫТУҒА ЕЛЕУЛІ ҮЛЕС ҚОСҚАН АЗАМАТТАР МАРАПАТТАЛДЫ

azatmedia