Мәдениет

ҚАЗЫҒҰРТ: ҚОЛӨНЕР – СЫРЛЫ ӨНЕР” АТТЫ САЙЫС ӨТТІ

Қазығұрт аудандық «Белсенді ұзақ өмір және Тең қоғам» КММ мен аудандық Ардагерлер кеңесі жанынан құрылған «Әжелер алқасы» ұйымының бірлесіп ұйымдастыруымен «Қолөнер – сырлы өнер» атты көрме сайысы өтті.

Іс-шараның басты мақсаты – қазақ халқының бай мәдени мұрасын дәріптеу, дәстүрлі қолөнерді насихаттау, ұлттық құндылықтарды жаңғырту және кейінгі ұрпаққа үлгі ету. Сонымен қатар шеберлердің қолынан шыққан бұйымдарды, дәстүрлі киімдер мен зергерлік әшекейлерді, кілем, кесте, ағаш пен теріден жасалған тұрмыстық бұйымдарды кеңінен таныстыру.

Сайыс аясында халқымыздың ұмыт бола бастаған салт-дәстүрлері мен көнеден келе жатқан қолөнер бұйымдары қайта жаңғырып, көпшілік назарына ұсынылды. Ақ жаулықты әжелеріміз жүн түтіп, ұршық иіріп, текемет басу, өрмек тоқу, кестелі орамал тігу, ұлттық киімдер үлгілерін көрсету сынды жұмыстарын ортаға салды.Көрме-сайыс төмендегі аталымдар бойынша ұйымдастырылды:

– «Тоқыма және киіз бұйымдары» (кілем, алаша, тұскиіз, сырмақ, текемет басу);

– «Ұлттық киім шеруі» (дәстүрлі және заманауи ұлттық киім үлгілері);- «Зергерлік және сәндік бұйымдар» (білезік, сырға, жүзік, алқа, шолпы сынды әшекейлер);

– «Кесте және тігін өнері» (қолмен тігілген кестелі орамалдар, жастықтар және т.б.);

– «Ұлттық тұрмыстық бұйымдар» (ағаш, тері, сүйек, металдан жасалған ыдыстар мен бұйымдар, сандық, кебеже);

– «Ұршық иірген қол – өнерге толы жол» (ұлттық жүн иіру, ұршық қолдану дәстүрі).

Сайысқа ауданға қарасты ауыл округтерінен келген әжелер қатысып, өз туындыларын көпшілікке ұсынды. Әр қатысушының жасаған бұйымы мен шеберлік деңгейі ұйымдастырушылар тарапынан бекітілген қазылар алқасы тарапынан бағаланып, жүлделі орындар белгіленді.

Қазылар алқасының шешімімен:

– Бірінші орын – Қақпақ ауылдық округіне;- Екінші орын – Қазығұрт ауылдық округіне;

– Үшінші орын – Шарбұлақ ауылдық округіне бұйырды.

Сонымен қатар, «Дәстүрді жалғастырушы» номинациясы Жігерген ауылдық округіне;

«Әже дәстүрін жалғастырушы» номинациясы Жаңабазар ауылдық округіне табысталды. 

Қатысты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: САЙРАМДА ШӘМШІ ҚАЛДАЯҚОВТЫҢ ТУҒАН КҮНІНЕ АРНАЛҒАН КЕШ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

azatmedia

«ТҮНГІ КІТАПХАНА»: ҚАЗЫҒҰРТТА БАҚЫТЖАН АЛДИЯР МЕН БАҚЫТ БЕДЕЛХАННЫҢ ЖЫР КЕШІ ӨТТІ

azatmedia

ТҮРКІСТАНДА «КҮЙ ҚҰДІРЕТІ» АТТЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КҮЙШІЛЕР БАЙҚАУЫ ӨТТІ

azatmedia