Санатталмаған

Шымкенттік жүргізушілер Армениядан әкелінген көліктерін тіркеуді бастады

AzatMedia.kz. Бүгін ҚР Үкіметінің 2020 жылғы 20 мамырдағы №306 «Қазақстан Республикасы азаматтарының Армения Республикасында тіркелген жекелеген көлік құралдарын Қазақстан Республикасына әкелуі мен пайдалануының кейбір мәселелері туралы» Қаулысы негізінде Армения Республикасынан 2020 жылдың 1 ақпанына дейінгі еліміздің аумағына кіргізілген көлік құралдарын тіркеуге алу жұмыстары басталды.

Қаулыға сәйкес көлік құралын тіркеу құны 11 946 теңгені құрайды.
Оған 695 теңге (0,25 АЕК) – тіркеу үшін алым;
3 773 теңге (1,25 АЕК)- көлік құралын тіркеу куәлігі үшін баж;
7 778 теңге (2,8 АЕК)- мемлекеттік нөмер үшін баж кіреді.

Шымкент қаласы бойынша көлік құралдарын тіркеу үшін құжаттар «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» Халыққа қызмет көрсету орталығының Шымкент қаласы бойынша мамандандырылған бөлімдерінде қабылдануда.

Армениядан әкелінген автокөліктерді тіркеудің бірінші күнінен бастап көліктерін тіркеу үшін құжаттарын тапсырып жатқан азаматтар қатары қалың. Сондай-ақ, қала тұрғындары дұрыс шешім қабылдап, халық үніне құлақ асқаны үшін Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа ризашылығын білдіріп, алғыстарын айтты.

Естеріңізге сала кетейік, көліктерді тіркеу 2020 жылдың 1 қыркүйегіне дейін жүргізіледі.

Қатысты жаңалықтар

ЦИФРЛАНДЫРУ ЖӘНЕ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ: ТҮРКІСТАНДА ҚАРЖЫЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

azatmedia

ЦИФРЛЫҚ ТРАНСФОРМАЦИЯ ЖОЛЫНДА: ТҮРКІСТАНДА ӨҢІРАРАЛЫҚ AI ХАКАТОН ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТЫҢДАЛДЫ

azatmedia

В Туркестане открыт уникальный мурал в поддержку конституционной реформы

azatmedia

АТА ЗАҢ – АДАЛ ЕҢБЕКТІҢ КЕПІЛІ

azatmedia

ӨНДІРІС ӨКІЛДЕРІ ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯНЫ ҚОЛДАЙДЫ

azatmedia

ҚУАТТЫ МЕМЛЕКЕТТІҢ НЕГІЗІ – ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ

azatmedia

ЕҢБЕК АДАМЫ – МЕМЛЕКЕТТІҢ БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ

azatmedia

ТҮРКІСТАН: АСА ҚАУІПТІ ЗИЯНКЕСТЕРМЕН КҮРЕС БИЫЛ ҚАЛАЙ ӨТЕДІ?

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АҒЫН СУДЫ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ БАҒЫТЫНДА ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЕНГІЗІЛДІ

azatmedia

Пікір қалдыру