Соңғы жаңалықтар

НЕГІЗГІ БАСЫМДЫҚ – БАЛАЛАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында атап өткендей, адам құқықтары мен олардың қауіпсіздігі – басты құндылық. Оның негізгі темірқазығы – құқықтық мемлекетті нығайту, заң үстемдігінің салтанат құруы.

Таяуда Түркістан облысы әкімдігінде бала құқықтарына қатысты мәселелер жөніндегі дөңгелек үстел өтті. Жиында модератор болған Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев балаларға қатысты жасалған зорлық-зомбылықтың алдын алу жайын қозғады.

«Барлықтарыңыз білетіндей Түркістан облысы үлкен өңір. Бізде 1000 мектеп, 515 мың оқушы 1300-ден астам балабақша және 2-6 жас аралығында 150 мыңдай бала бар. Өңірімізде осыншама бала болғандықтан, олардың қауіпсіздігін сақтау, келеңсіздіктерден қорғау оңай емес екені анық. Осының алдын алу үшін бүгінде облыста тиісті жұмыстар атқарылуда. Оның ішінде өңірдегі білім, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғауға жауапты басқармаларымен бірлесе кәмелетке толмаған балаларға қатысты барлық мәліметтердің қамтылуы жүзеге асырылып жатыр. Оның ішінде баланың психологиялық портреті, оның отбасылық жағдайы секілді ақпарттар болады. Ол жерге аталмыш басқармалар ғана кіріп мәліметтермен таныса алады. Біз жергілікті құқық қорғау органдарымен бұл жобаны жасақтап жатырмыз. Сонымен қатар жаңа оқу жылынан бастап облыстағы 1 мен 4 сынып оқитын 193 мың бала 100 пайыз ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі. Бұдан бөлек, «Қауіпсіз мектеп» бағдарламасы бойынша облыста алты категория бойынша, яғни, камера, турникет, күзет, қоршау, дабыл батырмасы және әжетханаларды реттеу үшін облыстық бюджеттен қаржы қаралып отыр. Бұл жұмыстар балалардың қауіпсіздігі мен қамқорлығы үшін жасалынып жатқан қызметтер», деді Бейсен Тәжібаев.

Кездесуге Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева қатысып, бала құқықтарына қатысты өзгерістер мен атқарылып жатқан жұмыстарға, өзекті мәселелерге тоқталды. Одан бөлек, Түркістан облысының қоғам белсенділері, облыстық мәслихат депутаттары және «AMANAT» партиясының жанындағы отбасы және халықты әлеуметтік қорғау кеңесінің мүшелері, үкіметтік емес ұйымдар, отбасын қолдау орталығы, облыс әкімдігі жанындағы отбасы және әйелдердің ісі жөніндегі комиссия мүшелері, бала құқықтары жөніндегі облыстық уәкіл, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері қатысып, ұсыныстарын айтты.

Динара Закиеваның айтуынша, жақында отбасы, әйелдер, балалар мәселелері бойынша қызмет көрсететін мемлекеттік бірыңғай желі, яғни, колл-орталық құрылады. Сондықтан, 111 нөмірінің плакаттарын барлық аулаға, білім беру мекемелеріне, дүкендерге және халық жиі жиналатын орындарға орналастырып, халық арасында насихатын күшейту керектігін айтты.

Бұдан бөлек, дөңгелек үстелде балаларға арналған психологиялық қолдау орталықтарын ашуды қарастыру, мектеп қабырғасында бала құқықтарын түсіндіру, көмек көрсететін сенім телефондарының нөмірлерімен таныстыру, өзін-өзі қорғау курстарын жүргізу, жеке қауіпсіздік шараларын түсіндіруді қамтитын қауіпсіздік сабақтарын енгізу жайында да ұсыныстар айтылды. 

Айгүл Қасымбекова,Түркістан облысы білім басқармасының бөлім басшысы 

Қатысты жаңалықтар

Айгүл Орынбек: «Любой адам солай істейді» деген қайта қыздарды қорлайтын адамның сөзі»

azatmedia

Оқушылар қашықтан оқуға дайын

azatmedia

Шымкентте жолақы 100 теңгеге қымбаттайды

azatmedia