Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШТЫҚТАРҒА СОЛТҮСТІККЕ ҚОНЫС АУДАРУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ ТҮСІНДІРІЛДІ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында еліміздің көші-қон саясатының тиімділігін арттыру бойынша жаңа шаралар пакеті ұсынылды.

Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің мәлімдеуінше, оларды іске асыру мақсатында көші-қон саясатының алдағы 5 жылға арналған жаңа тұжырымдамасы шеңберінде ішкі көші-қонды ынталандыруға бағытталған бірқатар шаралар көзделетін болады.

Мемлекет басшысының ішкі көші-қон саясатын қайта қарау жөніндегі тапсырмасын орындау үшін жаңа Тұжырымдама шеңберінде елдің басқа облыстарында негізделген трансферт және қолданыстағы бизнес-жобаларды кеңейту арқылы жұмыс орындарын құра отырып, азаматтардың солтүстік және орталық өңірлерге реттелетін қоныс аударуын ұйымдастыру тетігі көзделетін болады.

Осы орайда,  Түркістан облысында «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы аясында Солтүстік өңірлерден келген делегация мүшелері қоныс аударуға ниетті азаматтармен кездесу өткізіп, көші-қон саясатын түсіндіріп жатыр, деп хабарлайды Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасаған anyqtimes.kz ақпараттық агенттігі.

 Осы мақсатта бүгін «Отандастар қорының» Солтүстік Қазақстан облысы бойынша өкілі Әлфараби Мыңбай, ішкі көші-қон мәселесімен айналысатын «Tauekel» қоғамдық ұйымының төрағасы Бурахан Даханов, Ақжар ауданының Халықты жұмыспен қамту орталығының басшысы Бауыржан Баржанов арнайы Сарыағаш ауданындағы Жартытөбе, Ынтымақ ауылдарының тұрғындарымен кездесу өткізді.

Жиында тұрғындар тарапынан коммуникация, жұмыс орындары, егіншілік жерлері жөнінде сұрақтар қойылып, тиісті жауаптар берілді.

Келелі жиын барысында Б.Баржанов әлеуметтік жеңілдіктер жөнінде кеңінен түсіндіріп өтті. Көшіп барған отбасы мүшелерімен 5 жылға келісім-шартқа отырады. Әлеуметтік бірреттік төленетін қаражат, тұрғын үй алған отбасы сол облыста тұруы керек. Әр отбасы мүшесіне 241 000 теңге төлемақы беріледі, ал тұрғын үйге 4 млн теңгеге дейін қаражат берілетінін жеткізді маман.

Сонымен қатар, «Серпін» бағдарламасы бойынша «Отандастар қорының» сарапшысы Мыңбай Әлфараби толық ақпарат беріп, мектеп түлектерін теріскейдегі университеттерге оқуға шақырды.

Одан бөлек, «Tauekel» ұйымының төрағасы Бурахан Дақанов солтүстік өңіріне қажетті мамандықтармен таныстырып, қоныс аударғандардың тек жеке мақсатта ғана емес, ел үшін маңызды екендігін түсіндірді. Оның айтуынша, өңірге медицина, білім, кәсіпкерлік, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы салаларымен айналысатын мамандар ауадай қажет. Сондай-ақ, қоныс аударушыларға мемлекет бекіткен көмектен бөлек басқа да қолдауларды көрсетуге дайын екендіктерін жеткізді. Айта кетейік, делегацияның 5 күнге жоспарланған жұмыс сапары өзге де аудандарда жалғасады.

Қатысты жаңалықтар

БЕЛГІЛІ АМЕРИКАНДЫҚ ФОТОГРАФ ШЫМКЕНТТІ ҚҰС САМҒАУ БИІГІНЕН ТҮСІРДІ

azatmedia

ПРЕЗИДЕНТ РЕФОРМАСЫ: АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМ ИНСТИТУТТАРЫН НЫҒАЙТУ- ҚОҒАМНЫҢ ДАМУЫ

azatmedia

ШЫМКЕНТ: АБАЙ АУДАНЫНДА ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ДАМЫП КЕЛЕДІ

azatmedia