Соңғы жаңалықтар

Мемлекеттің зайырлы дамуы: діни және этномәдени тұрғысы

Дін арқылы көпшілік арасында кең танымал бейбітсүйгіштік идеясы тарайды. Жалпы қандай да болмасын қауымның тұрақты әрі үзіліссіз, ұдайы дамуының және қызмет етуінің түпкі себебі сол қауым мүшелерінің әлеуметке лайық, мақсат-мүделлі іс-әрекетіне көп байланысты екендігі кімге де болса түсінікті дүние.

 Адамның жалған өмірінің шеңберінен тысқары орналасқан қандай да бір түпнегіздер табу — діннің болмыс етуінің алғы шарты. Қоғамдағы адамның алдында көптеген өмірлік маңызы бар сұрақтар туары рас, ал енді оның шешімін құдайға деген сенімсіз, дінсіз табу қиынға соғады, әлде тіпті де мүмкін емес деуге болады. Ол мәселелер мәңгілік мәселелер және де ол адам болмыс-бітімінің айрықша ерекшелігін құрастырады да.

Сондықтан да діннің қай кезеңінде болмасын, қандай қоғам типінде болмасын алар рөлі ерекше. Бастапқыда дін өкіметпен, мемлекетпен тығыз байланыста өмір сүрді. Мысалы, қола дәуіріндегі көптеген мәдениеттерде саяси және рәсімдік немесе діни қызметтерді бөліп жару өте қиын болатын. Көне шығыс өркениеттерінде діни ұйымдар мемлекеттік басқару ісіне тікелей араласатын еді. Бұндай күйді біз орта ғасырлық Еуропа тарихынан да кездестіреміз. Еуропада тек Жаңа Дәуірдегі ірі рухани төңкерілістен кейін ғана жағдай мүлдем басқаша болып өзгереді.

 Қайта Өрлеу кезеңінен басталған өзгерістер нәтижесінде еуропалық қоғамдық-мәдени өмір шіркеу қарамағынан, оның қатал бақылауынан бірте-бірте босана бастайды. Бұл процесс реформация нәтижесіндежылдамдап, қарқыналады.

Мәдениеттің зайырлылық принципіне өтуі саяси-қоғамдық және экономикалық құндылықтардың пайдалану аясының кеңеюімен, ғылыми зерттеулер мен техникалық шығармашылықтың қарқынды дамуымен етене байланысты жүріп отырады.

Ұ.Маймақова.

Қатысты жаңалықтар

Амбулатория салуға жер бөлінді

azatmedia

Еліміздегі діни сауат ашу курстарының маңыздылығы

azatmedia

Діни бостандық және зайырлы мемлекет

azatmedia