Соңғы жаңалықтар

Қазақстан халқының көпэтностық және көпконфессиялық ерекшелігі мен бірлігі

 Қазақ халқының сан ғасырлар бойында тағдыры тауқыметке толы тарих. Сан ғасырлар бойы қаншама белестерді бағындырған, топырағын түртсең тарихы сөйлейтін құт мекен. Қазақ халқының қаны мен жаны бөлек, жанына ешкімді жат тұтпай, баршасын бауырына алған. Оның дәлелі елімізде екі жүзден астам көпэтностың бір шаңырақ астында өмір сүруі. Олардың татулығы мен ынтымағы жарасқан. Бірін-бірі бауырына басқан. Мұндай сананың бойға сіңуі ұрпақтың тәрбиесінен екендігіне ешкім дауласа алмайды.  Ал ұрпақтан-ұрпаққа жететін асыл дүниелердің бірі, әрі бірегейі наным-сеніміне қатысты екендігін білуіміз қажет.

Ал қазақ халқының нанымы әрине ол Ислам дінімен бойына сіңген асыл қасиет. Қасиетті Құранда Алла тағала  Ниса с. 1-аятында «Әй адам баласы! Шүбәсіз сендерді бір ер, бір әйелден (Адам, Хауадан) жараттық. Сондай-ақ бір-біріңді тануларың үшін сендерді ұлттар, рулар қылдық»- деп айтылған. Шынында Алланың қасында ең ардақтыларың тақуаларың. Шәксіз Алла толық білуші, әр нәрседен хабар алушы. Бүкіл әлемді жоқтан бар еткен жалғыз Алла тағала, сол жаратылтарының ішіндегі ең ұлығы әрі артығы етіп адам баласын жаратқандығын аятта ашық баяндап отыр. Адамзат өзінің жаратушысы бір Алла екендігін білгенде, Оған ғана құлшылық жасап, Одан ғана жәрдем тілейтін болады.  Адам әлсіз жаратылыс екендігін әр кез есіне түсіріп, ойланып тұрса ешқандай жамандыққа душар болмай, өзіне көп жақсы болар еді. Ал көптеген алауыздықтар мен теке-тірестер, адам баласы өзінің кім екендігін ұмытып кеткен жағдайларда пайда болатынын біле бермейді. Егер адам баласы өзінің әлсіздігін, барлығының түп аталары бір екендігін  білсе, Раббысынң құзырында тұратынын білген құл жамандыққа бой алдырмас еді. Сондықтан осы аятта адам баласының бір жаратылыстан екендігін және бірге жасап, Раббысына  қауышатынын жеткізуде.  

Қазіргі таңда еліміз Қазақстан жерінде – 130-дан астам этнос өкілдерінен тұратын 18 миллионнан астам халқы бар көпұлтты мемлекет. Қазақстан Республикасында көп этносты болуының түп тарихи тереңде жатыр. Ата-бабаларымыздың «кең болсаң, кем болмайсың»- деген даналықты тәрбиенің үлесінен арқау алады. Сондықтан еліміз үшін әрқашан тұрақтылық пен ынтымақ-бірлікті  сақтаудың, этносаралық келісім мен татулықты дамытудың маңызы аса зор. Қазақ жерінде рулық теке-тірестердің де болғаны тарих беттерінде кездеседі. Дегенмен қай кезеңде болмасын, елдестірмек елішден деп, елдің ынтымағының тұрақты болуына аса мән берген. Ата-бабамыз: «Бірлік бар жерде тірлік бар», «Бірліксіз ел тозады, бірлікті ел озады» деген ұстанымды басты назарға алған.

Сан ғасырлар бойы мәңгілік ұрпақтан-ұрпаққа жалғасын тапқан қазақ халқындағы осы бір қасиетті түсінік  бүгінгі егеменді еліміздің басты қағидасына айналды.  Қазақ халқы әлемге өзінің қонақ жайлығы мен дархан көңілінің бейбітшілік сүйгіштігінің бастамашысы екендігін дәлелдеген мемлекет.  Этносаралық татулықты сақтап, ел басына қандайда бір ауыртпашылық күн туса да, бір-біріне қайырымдылық жәрдемдерімен қол ұшын созып ынтымақта өмір сүріп келеді.

Ұ.Маймақова.

Қатысты жаңалықтар

ПАРКОВКИ ДЛЯ ТУРИСТИЧЕСКИХ АВТОБУСОВ ПОЯВИЛИСЬ В ШЫМКЕНТЕ

azatmedia

ҚАЖЫМҰҚАН ТУРАЛЫ ЕСТЕЛІКТЕРДЕН ҮЗІНДІ

azatmedia

Surging Stock Market Powers US Wealth to $96.2 trillion

azatmedia