Соңғы жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ЯССЫ СЕКТОРЫНДАҒЫ БЕРІЛГЕН ТАПСЫРМАНЫҢ 35-І ОРЫНДАЛДЫ

Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбековтің тұрғындармен кезекті кездесуі «Яссы» секторында жалғасты. Бұл тұрғын алабында жыл басынан бері көтерілген өзекті 47 мәселенің 35-і «жасалды», 7-уі «жасалуда», 5 тапсырманың заңдылығы түсіндірілді.«Яссы» аумағында 23 көшеге тас төселді. 24 көше ағымдағы жылы орташа жөндеуден өтеді, 5 көшеге асфальт төселді. Қалған көшелерде сарқынды су жүйесінің сервистік жұмыстары аяқталғаннан кейін, орташа жөндеу жұмыстары жалғасады.Сонымен қатар, 64 көше жарықтандырылды. Сектор аумағында 20 аялдама орнатылды. Сондай-ақ, 5 көшеге жаяу жүргіншілерге арналған жол төселуде, барлық жұмыстар қыркүйек айының соңына дейін аяқталады. Саққорған көшесі, Баянауыл аумағы, №24 мектеп жанына балалар ойын алаңы мен спорт алаңшасының құрылыс жұмыстары жүргізілуде.Оралман тұрғын алабы және Қазыбек би, Жарылқапов көшелерінің аралығына гидрантты суару жүйесінің құрылысы жүруде. Тұран тыным саябағы мен Шатқал саябақтарының құрылысы аяқталды.

Қатысты жаңалықтар

«Бір жерін көрсетіп»: Жаңа образдағы Сәдуақасова елден оңбай сөз естіді (фото)

azatmedia

ТҮРКІСТАН: СОЗАҚТА АСЫЛ ТҰҚЫМДЫ ІРІ ҚАРА МАЛ САНЫ АРТЫП КЕЛЕДІ

azatmedia

БӘЙДІБЕК АУДАНЫНДА 150 ОРЫНДЫҚ ҚОСБҰЛАҚ ЖАЛПЫ ОРТА МЕКТЕБІНІҢ ЖАҢА ҒИМАРАТЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

azatmedia