Соңғы жаңалықтар

6528 азамат жер кезегіне тіркелген

Сарыағаш қаласы аумағында шаруашылық мақсатта берілген жалпы аумағы 141.173га, деп хабарлайды Anyqtimes.kz ақпараттық порталы.

96 тұрғын үйге арналған ірге тас және 104 тұрғын үй салып   мақсатсыз пайдалануда.

10 жер телімдерінің иелеріне заң бұзушылықтар жасағаны үшін жер учаскелерін нысаналы мақсатына сай пайдалану жайлы ескертулер беріліп, Түркістан облысы Жер инспекциясы басқармасына заң талаптарына сәйкес тиісті шара қолдануы бойынша хат жолданған.

 Сарыағаш қаласы аумағынан тұрғын үй салуға арналған  жер телімін алу мақсатында қазіргі таңға дейін 6528 азамат жер кезегіне тіркелген. Жерге кезекте тұрған азаматтарды жерге орналастыру үшін жоспарға 223 га жер теліміне арнайы егжей-текжейлі жоспар әзірленген болатын.

  Сонымен қатар Самал мөлтек аудандарында арнайы анықтау жұмыстары жүргізіліп, 100 бос жер учаскелері анықталды. Сол себепті, анықталған 100 бос жер учаскелеріне Сарыағаш қаласы әкімі аппартында жерге кезекте тұрған бастапқы 100 адамды осы жер учаскелеріне орналастыруға мүмкіншілік бар.

Қазіргі таңда жерге кезекте тұрған азаматтарға мониторинг жұмыстар жүргізілуде.

 Жұмысшы топ негізінде Көктөбе, Телемұнара және Самал м/а аумағында заңсыз өз бетінше салынған 150 тұрғын үйге арналған ірге тас анықталып, оның ішінде бүгінгі күнге дейін 60 ірге тас бұзылды.

Заңды құжаттары рәсімделген тұрғын үйлер және шаруашылық мақсатта жер учаскелері берілгендігі анықталды. Сол себепті, қазіргі таңда анықтау жұмыстарына сәйкес, жер уаскелерін мемлекетке қайтару бойынша жұмыстар атқарылуда.

Қатысты жаңалықтар

Мемлекет басшысы Грузия Президентіне көңіл айтты

azatmedia

Азаматтарды жұмыспен қамту бойынша ауқымды жұмыстар атқарылған

azatmedia

АБАЙЛАҢЫЗ, ТЕМІР ЖОЛ ӨТКЕЛІ!

azatmedia