Соңғы жаңалықтар

«100 доллар алыңыз. Бәрі оңай» – вакцина салдырғандарға ақша берілгелі жатыр

Нью-Йоркте коронавирусқа қарсы вакцина салдыртамын деушілердің әрқайсысына 100 доллар ұсынылғалы жатыр. Бұл туралы қала әкімшілігі мәлімдеді, – деп хабарлайды zakon.kz.

Қала мэрі Билл де Блазио 28 шілдеде өткен брифингте вакциналау деңгейін арттырудың жаңа әдісі туралы айтты.

Жұмадан бастап қала орталығында COVID-19 вакцинасының алғашқы дозасын ектіріп, 100 доллар алыңыз. Бәрі оңай, – деді ол.

Америкалық бұл қалада тұрғындарды вакциналау науқаны көктемде басталған. Вакцина алғандарға лотерея билеттері таратылды. Бір үкіметтік емес ұйым, тіпті шөп (есірткі) орамасын да ұсынды, өйткені оны тұтыну Нью-Йоркте тыйым салынбаған.

Көптеген қолданушылар бұл хабарландырудан соң сұрақтарды жан-жақтан жаудырды: егер мен вакцина алып қойған болсам, 100 долларды қайдан алсам болады десіп жатыр.

Қалалық денсаулық сақтау департаментінің мәліметтері бойынша, қазіргі уақытта Нью-Йорк тұрғындарының 54,4% коронавирусқа қарсы толықтай егілді, тағы 4,8% вакцинаны жартылай алған.

Қатысты жаңалықтар

Ләйлә Сұлтанқызы: «Күнде жылаймын»

azatmedia

В ШЫМКЕНТЕ ПОЯВИЛСЯ УМНЫЙ ПЕШЕХОДНЫЙ ПЕРЕХОД

azatmedia

ШЫМКЕНТТЕ 175 БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕСІНІҢ ҒИМАРАТЫ АҒЫМДАҒЫ ЖӨНДЕУДЕН ӨТЕДІ

azatmedia