Соңғы жаңалықтар

«Агентпен таныстық» – 15 жасында тұрмысқа шыққан төрт баланың анасы туралы не білеміз

Түркістан облысы Мақтарал ауданы Атакент кентінің тұрғыны Ахмет Ардақ – 15 жасында тұрмыс құрып, бүгінде төрт баланың анасы атанып отырған көпбалалы ана. Колледж қабырғасында оқып жүргенде жолдасы Ермек Әмірпен агент арқылы танысқан ол жастай тұрмыс құрғаныма еш өкінбеймін дейді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Жолдасы Әмір Ермекпен бір жылдары танымал болған «агент» әлеуметтік желісі арқылы танысқан ол өз шешіміне өкінген емес.

«Біз колледжде оқып жүрген кезімізде, яғни 1-курста танысып, бір жылдай қыз бен жігіт ретінде жүрдік. Сосын 2-курста шаңырақ көтердік. Қазір Аллаға шүкір, төрт балапынымыз бар. Ерте тұрмыс құрғаныма еш өкінбеймін, керісінше жарым, балаларым барына шүкір деймін»,-дейді көпбалалы ана.

Ардақ бастапқыда тұрмыс құруына ата-анасы мен туыстары қарсы болғанын жасырмады.

«Әрине, бастапқыда қарсы болды. Бірақ, мен оған сендім және онымен бақытты болатынымды сездім. Басында біз бір колледжде оқысақ та, бір-бірімізді танымадық. Кейін агент арқылы танысқаннан кейін ғана екеуміздің бір жерде оқитынымызды білдік. Студент кезімізде, жұп болып жүргенімізде талай сайыстарға қатысып, жеңімпаз атанғанбыз»,-дейді Ардақ.

22 жастағы жас ана бүгінде бала тәрбиесімен үйде отырса, жолдасы Ермек жеке кәсіпкер екен.

«Қара шаңырақта ата-енеммен бірге тұрамыз, сол себепті балаларды қарасуға маған екі анам көмектеседі. Балаларымның үлкені 6-да, екіншісі 4-те, одан кейінгісі 3-те, кенжеміз 8 айлық. Жас болсақ та, бір-бірімізге деген махаббатымыз бен сенімділіктің арқасында берік отбасын құра алдық. Бастысы, балапандарым мен жақындарым аман болса екен деймін»,-деп әңгімесін аяқтады Ардақ.

Қатысты жаңалықтар

РҰҚСАТ ЕТІЛГЕН КƏСІПКЕРЛІК СУБЪЕКТІЛЕРДІҢ САНИТАРЛЫҚ САПАСЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗІЛДІ

azatmedia

«ШЫМКЕНТ ЖАСТАР ЛИГАСЫ» – ЖЫЛДЫҢ ЕҢ СӘТТІ ӘЛЕУМЕТТІК ЖОБАЛАРЫНЫҢ БІРІ

azatmedia

«Карантиндеріңізбен өз адамдарыңызды және олардың бизнесін өлтіріп жатырсыздар» – Қуат Хамитов шенеуніктерді сынап тастады

azatmedia