Отандық танымал журналист Айгүл Мүкей балаларын қоғамдық орындарда емізе беретін аналарға қатысты пікір білдірді. Ақпарат өкілі келіншектердің мұндай әрекетіне түбегейлі қарсы екенін алға тартып, оларды түсіне алмайтынын ашық айтты, – деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Айгүл Мүкей соңғы кезде қоғамды қызу талқыланып жатқан мәселе жайында өз ойымен Instagram парақшасында бөлісті. Белгілі тележурналист баланы емізу үшін бар байлығын елдің көзінше аша беретін әйелдерді түсіне алмайтынын жеткізді.
«Бұл тақырып желіде жиі көтеріліп тұрады. Мен өзім де осы жайында жазған едім. Мен бұл әрекеттерге түбегейлі қарсылығымды да айттым. Енді модельдер қайтадан балаларын қалаған жерінде емізуді бастап, қалың көпшілікке көрсетіп жүр. Ана ретінде оларды түсінемін. Бала болған соң, біріншіден оның қарны тоқ, дені сау және көңіл күйі жақсы болу керек. Бірақ, кез келген жерде бар байлығын паш етіп аша салатын келіншектерді мен түсіне алмайды екенмін», – деді Мүкей.
Бұл тақырыпқа қатысты желі қолданушыларының пікірі де екіге бөлінді. Бірі Айгүл Мүкейдің айтқанына қосылса, енді бірі кересінше оның пікіріне қарсы шықты.