Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының «Ордабасы ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің» жылдық жұмыс жоспарына сәйкес, «Жас мұғалімдердің кәсіби құзіреттілігін қалыптастыру» жобасының аясында Ш. Уалиханов атындағы мектеп-гимназиясының базасында химия, биология пәндерінен жас мамандар арасында «Оқу үдерісінде басшылыққа алынатын нормативтік құжаттар және күнделікті сабақ жоспарын(ҚМЖ) жүйелі құру» тақырыбында «дөңгелек үстел» өткізілді. Семинарға барлық жас мамандар қатысып, олардан сауалнама алынды. Әдіскер Бәкір Тамара жас мамандармен жүргізілетін жұмыстармен таныстырып, толықтырулар енгізді. Оқу үдерісінде басшылыққа алынатын нормативті құжаттарды таныстырып, ҚМЖ құрылымын БжҒМ 6.04.2020 жылғы №130 бұйрығына сәйкес талдап және оның жасалу жолын түсіндірді. Амангелді ат жом химия пәні мұғалімі С. Оңғарбаева және Б. Төлепбаев ат жом биология пәні мұғалімі Ж. Мырзақұл күрделі тақырыпқа арналған ҚМЖ үлгілерімен таныстырды. Одан әрі жас мамандар топ бойынша өздері қысқа мерзімді жоспарларын түзіп, оны қорғады. Жас мамандар өздерінің білім деңгейін тест тапсыру арқылы анықтады. Дөңгелек столдың сонында жас мамандарға психологиялық қолдау көрсетілді және олардың пікірлері ұсыныстары тыңдалды.
Алдынғы жаңалық
Келесі жаңалық