Соңғы жаңалықтар

АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ ӨТІНІШТЕРІН ТЫҢДАДЫ

Ордабасы ауданының әкімі Нұрбол Тұрашбеков Шұбарсу ауылының тұрғындарымен кездесіп, ұсыныстары мен өтініштерін тыңдады. Шұбарсу ауыл округінде қазіргі таңда тіркеуде тұрған халық саны – 29683, жалпы үй саны – 5202. Ауылдың негізі саяжай орнында қаланып, өсіп келеді. Көптеген жыл бойы мұндағы тұрғындарды инфрақұрылым жүйелері алаңдатып келеді. Өйткені, электр қуаты мен ауыз су жүйесінің дені кооператив меншігінде. Аудан басшысы осы бағыттағы мәселелерді түбегейлі шешу мақсатында Шұбарсу ауыл округіндегі инфрақұрылым және әлеуметтік салаларды дамытуға республикалық және облыстық бюджеттерден 23 млрд.112 млн.990 мың теңге бағытталып отырғанын атап өтті. Оның ішінде «Арал-Эко» алабына 600 орындық мектеп, Б.Нұрлыбеков атындағы 200 орындық қосымша оқу корпусының құрылыстары, Б.Нұрлыбеков мектебін күрделі жөндеуден өткізу, сапалы электр энергиясымен қамтамасыз ету, ауыз су мәселесін түпкілікті шешу, жолға асфальт салу, табиғи газбен қамтамасыз ету және Шұбарсу ауылының орталық Д.Қонаев көшесін абаттандыру жұмыстары көзделуде. – Жұмыс ауқымы үлкен. Жоспарларымызды жүзеге асыру барысында туындайтын уақытша қолайсыздықтар кезінде баршаңызды сабырлылық танытуға шақырамын. Сонымен қатар, ауылдың тазалығын қамтамасыз етуге немқұрайлы қарамағандарыңыз жөн. Қазіргі таңда кәсіпкерлікті дамытуға кепілсіз несие, бизнес жобаларға грант ұсынылуда. Осы бағдарламаларға қатысуда шұбарсулықтардың белсенділігі төмен. Ауылдың әлеуетін арттырудың бірден-бір көзі – кәсіпкерлікті дамыту екенін назарларыңызға саламын, – деді Нұрбол Әбдісаттарұлы өз сөзінде. ? Кездесу барысында тұрғындар ауылдың дамуы жөніндегі ақпараттармен қоса өз сұрақтарына да жауап алды.

Қатысты жаңалықтар

«Ресей бізді сотқа беруі мүмкін» – Ертіс жағасы қоқыс полигонына айналды

azatmedia

As Retailers Close, Thrift Stores Reach Customers on Facebook and Instagram

azatmedia

112 CAII-ОРТАЛЫҚҚА ТӘУЛІГІНЕ 2 МЫҢНАН АСТАМ ШАҚЫРТУ ТҮСУДЕ

azatmedia