Соңғы жаңалықтар Шоу-бизнес

Мөлдір Әуелбекованың жүрекжарды жазбасы желідегі жұртты сүйсіндірді

Anyqtimes.kz. Мөлдір Әуелбекова коронавирустан жазылып, ауруханадан шықты. Бұл туралы әншінің өзі әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

«Коронавирусты жеңіп, ауруханадан үйге келдік. Дәрігерлердің еңбегін сөзбен жеткізу мүмкін емес. Сізде «положительный» дегенде коронавирустың өзі психологиялық тұрғыдан ауыр тиеді екен», – деп жазды Әуелбекова.

Ол сондай-ақ босанғанша үйден шықпай, күтінетінін айтты.

«Хәлімізді сұрап, уайымдап, хабарласып жатқан жаны жайсаң шынайы жанашырларыма рахмет! Енді босанғанша ешқайда шықпай, сабыр етіп, үйде отыруым керек. Қайта жұқтыру жылдамырақ әрі қауіптірек болады екен», – деді әнші.

Қатысты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 14 АДАМ СУ АЙДЫНДАРЫНДА ҚАЗА ТАПҚАН

azatmedia

МАМЫР АЙЫНДА 146 ОТБАСЫ ЖАЛДАМАЛЫ БАСПАНАҒА ИЕ БОЛАДЫ

azatmedia

ҚАЗАҚТЫҢ БАС БҰЛШЫҚ ЕТІ …

azatmedia