Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Ерке Есмахан белгілі вайнер әрі актер Мейіржан Төребаевтың «Маска» шоуының қазылар алқасының құрамына кіргеніне наразылығын білдірді. Әнші мен әзілкеш әлеуметтік желіде бір-бірімен сөзге келіп қалды деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Ерке Есмахан мен Мейіржан Төребаев Instagram желісінде өзара келісе алмай, бір-біріне Stories арнады. Әнші бикеш әділқазы ретінде өзі қатысатын «Маска» жобасының видео үзінділерімен бөлісті. Бейнежазбада Ерке Есмаханның қатысушыға қатысты пікір білдіріп жатқанын көруге болады. Бұл сәтте Төребаев әртістің сөйлеп жатқанына қарамастан оның сөзін бөліп жібереді. Бұл жайт эстрада жұлдызына ұнамай қалған көрінеді.
«Мейіржан «Өнер барысы» болсаң да, болмасаң да быт-шытыңды шығарамын» , – деп жазды Ерке Есмахан. Өнер иесі әзілкештің қазылар алқасының құрамында отырғанына шүйлікті.
Төребаев әншіні ұзақ күттірмей, оған Stories арқылы жауап берді. Ол Еркені мақтаншақ деп атады. Өз кезегінде, шоу-бизнес өкілінің де вайнерге айтары бар болып шықты. «Мақтанамын. Ал сен біріншіден менің өнеріммен танысып ал. сен ба деп отырмай» , – деп жазды ол. Т
Сонымен қатар, Ерке Есмахан сананың адам өміріне қаншалықты әсер ететіні туралы жазба жариялады. «Білесіздер ма? Адамның жетістігіне оның білімі онша әсер ете қоймайды екен. Білім болу керек, әрине, бірақ көбіне әсер ететіні – санасы! Психолог апайлар бейсана, түпсана туралы көп әңгіме айтатыны сол екен ғой. Мысалы, мен сабақты шімішкідей шақпасам да, кішкентайымнан армандаған, ойлаған ойымның барлығы жүзеге асыпты. Соны бүгін түсіндім! Шүкір! Оның түпсана екенін о кезде білмеймін ғой. Ұлы дала психологтарына рахмет» , – деп жазды әнші.