Басты жаңалықтар

Асхат Аймағамбетов жағымды жаңалықпен бөлісті

Мектептер бейнебақылау жүйесімен 100 пайыз қамтамасыз етілді. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігінің алқа мәжілісінде ведомство басшысы Асхат Аймағамбетов мәлім етті, – деп хабарлайды Anyqtimes.kz ҚазАқпарат тілшісіне сілтеме жасап.

Орта білім беруде жаңартылған мазмұнға көшу аяқталды, 100 пайыз көштік. Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында барлық өңірде мектептерді бейнебақылау жүйесімен 100 пайыз, жылы әжетханалармен 99 пайыз қамтамасыз етілді, – деді министр.

Оның айтуынша, орта білім беру жүйесінің негізгі проблемаларының бірі – ол қала және ауыл мектептері арасындағы білім сапасының алшақтығы.

Осы мәселені шешу жолдарын пысықтадық. Соның ішінде «Оқуға құштар мектеп» жобасын іске қосып жатырмыз. Оның аясында мемлекеттік тілдегі көркем әдебиеттің мектеп кітапхана қорында айтарлықтай жаңарту міндеті тұр. Осы бағыттағы жұмыстарды биыл шешу керек. Сонымен қатар, кітапханашылардың жалақысын көтеру мәселесі де өте маңызды. Бұл бойынша тиісті тапсырманы Мемлекет басшысы жүктеген еді. Сондықтан осы жұмысты биыл жалғастырамыз, – деді А. Аймағамбетов.

Қатысты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БЕС ЖЫЛДА 100 МЕКТЕП БОЙ КӨТЕРДІ

azatmedia

Қазақстандық зейнетақы жинақтарының бір бөлігін пайдалана алады

azatmedia

Коронавируске қарсы вакцина сынағына қатысқан ерікті қайтыс болды

azatmedia