ANYQTIMES.KZ. Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Жазира Байырбекова әлдекімдердің өзіне қастандық жасамақ болғанын айтты. Өнер иесінің сұлулық салонына белгісіз біреу қағазға оралған түйіншекті арнайы тығып қалдырып кеткен деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Жазира Байырбекова бұл жағымсыз жағдай жайлы өзінің Instagram парақшасында айтып берді. Әнші өзіне жасалмақ болған қастандық туралы бірден оқырмандарымен бөлісуді жөн көріп, олардан кеңес сұрады. Анықталғандай, өнер иесінің сұлулық салонынан табылған түйіншектің ішінен жіпке оралған ине мен майдалап қиылған жіптер шыққан.
«Салоныма біреу қағазға оралған түйіншек тығып,көрінбейтін жерге қалдырып кетіпті. Түйіншекті ашып көрсе ішінде жіпке оралған ине және майдалап қиылған жіптер жатыр. Үлкендерден сұрасақ “дұшпандардың қастандық жасағысы келген әрекеті” дейді.
Ешқандай дұшпанымыз жоқ сияқты еді. Мұндай жағдайда не істеуіміз керек? Сұлулық салонымда 3-4 күн бойы құран қойып қойсақ келушілер ренжімейтін шығар. Ұқсас оқиғалар кімде болды» , – деп жазды Жазира Байырбекова