Ақпарат

Фаст-фудтың жасөспірімдерге қандай әсері бар

Фаст-фуд

Зерттеушілер жоғары сынып оқушыларының тамақтану әдеттерін зерттеп, олардың жасөспірімдердің ұйқысына қалай әсер ететіндігін анықтады, деп хабарлайды Azatmedia.kz «Хабар 24» сайтына сілтеме жасап.

Зерттеу әлемнің 64 елінде жүргізіліп, 175 мың жасөспірімді қамтыды. Зерттеу нәтижелері Квинсленд университетінің сайтында жарияланған.

«12-15 жас аралығындағы 175 261 жасөспірімнің мәліметтерін талдау нәтижелері көрсеткендей, зиянды тағамдарды жиі тұтыну ұйқымен тығыз байланысты, ол өз кезегінде балалардың жағдайына, есте сақтау және танымдық қабілеттеріне кері әсер етеді», – делінген баяндамада.

Зерттеуге сәйкес газдалған сусындарды жиі ішетін жасөспірімдердің ұйқы режимі бұзылады, ол аталған сусындарды аз ішетіндерге қарағанда 55% көп болған. Сондай-ақ сарапшылар аптасына төрт реттен астам фаст-фудпен тамақтанатын балаларда ұйқының бұзылуы байқалғанын атап өтті.

«Бұл нәтижелер үлкен алаңдаушылық тудырады, өйткені ұйқының бұзылуы жасөспірімдердің күш-қуаты мен танымдық дамуына кері әсер етеді», – деп түсіндірді зерттеу авторы Асад Хан.

Қатысты жаңалықтар

ОМАРТА ИЕЛЕРІНЕ МАҢЫЗДЫ ЕСКЕРТУ: ӨҢДЕУ ЖҮРГІЗІЛЕТІН АЙМАҚТАР АНЫҚТАЛДЫ

azatmedia

ТҮРКІСТАНДА ЭТНОС ЖАСТАРЫ АРАСЫНДА «ТАТУЛЫҚ – ТАБЫЛМАС БАҚЫТ» АТТЫ ПІКІРСАЙЫС ӨТТІ

azatmedia

Қыз зорлаған банкир мен экс-прокурор сот алдында жауап берді

azatmedia