Қоғам

Қазығұрттық диқандар жоспарды жүз пайызға орындады

егін

Қ.Әбдалиев ауылдық округі егістік жерлерді толықтай игеріп, берілген межені жүз пайызға орындап отыр, деп хабарлайды Azatmedia.kz ақпаратты порталы.

Түркістан облысы,  Қазығұрт ауданы,  Қ. Әбдалиев ауылдық округінде жалпы жер көлемі 62 010 гектар, оның егістік жерлерді игеру бойынша 15050 гектар жер телімі бар. 

Бүгінде Қ. Әбдалиев ауылдық окгругі бойынша масақты дақылдардан 24539,1 тонна өнім жиналды. Орташа өнімділігі 25,5 центнерді құрады. Мақсары дақылы 1676 гектар егіліп 1491,6 тонна өнім жиналып, әр гектарынан 9 центнерден айналды. Сонымен қатар мал азықтық дақылдарынан, яғни 10,5 мың тоннаға жуық жоңышқа жиналды.

Ауыл округі бойынша  агроқұрылымдардың жұмыстарын дұрыс техникамен қаматамасыз ету және де жерді дұрыс игеру мақсатында ауыл шаруашылық қожалықтары бірлесе отырып,  жоғары өнімділікке қол жеткізу үшін бірқатар жұмыстар жүргізілді. Атап айтатын болсақ, «Айқожа» өндірістік кооперативі John Deere тракторына қол жеткізсе, «Үшбастау», «Айқожа» өндірістік кооперативі  және де  «Сапар» шаруа қожалықтары бразилиялық дән сепкіш аппараттарын сатып алған.

Аталмыш агроқұрылымдарға мемлекет тарапынан көктемгі және күзгі дала жұмыстарына жеңілдетілген жанар-жағар май толығымен берілді. Нақтылайтын болсақ, көктемгі дала жұмыстарына 495 тонна жанар-жағар май берілсе, күзгі дала жұмыстарына 560 тонна жанар-жағар май бөлінген.

Жанар-жағар майдан бөлек, агроқұрылымдарға мемлекет тарапына  жеңілдетілген тыңайтқыштың 557 тоннасы берілді.

Қатысты жаңалықтар

ӘДІЛЕТТІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚАДАМДАРЫ ЖОЛДАУДА СӘЙКЕСТІК ТАПҚАН

azatmedia

Карантин режимі қандай жағдайда күшейеді? – министр жауабы

azatmedia

ОТ ЖОЛАҒЫНАН ӨТУ БОЙЫНША ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ДАЙЫНДЫҚ

azatmedia

Пікір қалдыру