Еліміздің белгілі эстрада жұлдызы, Қазақстанның еңбек сіңірген қоғам қайраткері Сакен Майғазиев өзінің әйелі жайлы инстаграм парақшасына «Әйелсіз үй үй ме» – деген пост жариялады деп хабарлайды Azatmedia.kz ақпараттық порталы.
Бірнеше ай бұрын «тәжтажал» өршіп тұрған кезде келіншегім #жүрегімніңішіндегіжүрегім коронавируспен 27 күн ауырды. 3 рет жедел жәрдем шакырттық.Өзім дем салып, өзім укол салып (дәрігерлер кеңесімен), маңдайынан иіскеп жүріп мен де бір күні мұрттай ұштым. «Жоқ Сәкен, сен жатсаң балаларыңның анасына кім қарайды?!» деп, АЛЛАның қалауымен бір күнде тұрып кеттім. Қорықпаңыздар, қазір бізде антидене бар. «Әкесі, сіз АЛЛАның қалауымен, балаларымыздың бағы үшін, менің бабым үшін тұрып кеткен сияқтысыз», – дейді анасы. АЛЛА тағала әже, аналарымызды, әпке-қарындастарымызды, жеңге-келіндерімізді, балаларымызды ауыртпасын. Әйелсіз үй үй ме…