Биылғы жылдың сәуір-мамыр айларынан бастап «Ауыл-ел бесігі» бағдарламасы аясында Састөбе кентіндегі 14 көшеге ағымдағы жөндеу жұмыстары, 1 көшеге күрделі жөндеу жұмыстары бастау алған болатын. Бүгінгі таңда аталмыш көшелердің 10 толығымен аяқталып отыр. Қалған 5 көше қараша айында аяқталып, ел игілігіне пайдалануға берілмек. Бүгін аудан әкімі жұмыс жоспарына сәйкес Састөбе кентіне табан тіреп, жөндеу жұмыстары жүріп жатқан жолдар мен құрылыс нысандарын аралады.Бірінші кезекте аудан басшысы кент орталығындағы 64 пәтерлік көпқабатты тұрғын үй құрылысының қазіргі таңдағы жұмыс барысымен танысты. Келесі жылға өтпелі 4 қабатты нысанның құрылысы бүгінгі таңда 50 пайызға аяқталып отыр. Нысанды аралап шыққан аудан әкімі құрылыс сапасы мен мерзіміне қатысты мердігер мекеме басшылығына ескертулер жасап, кемшіліктерді жою мақсатында нақты тапсырмалар жүктеді. Содан соң аудан әкімі ағымдағы жөндеуден өткен және жөндеу жұмыстары жүріп жатқан көшелерді жаяу аралап, сапасын тексерді. Састөбе кентіне жұмыс сапарын Нұрлан Мархабатұлы елді мекен шегіндегі жаңадан соғылып жатқан заманауи кәріздік сорғы станциясымен кәріздік суларды тазалау орның аралаумен аяқтады.Аталмыш елді мекенге әлеуметтік инфрақұрылым тарту мақсатында соғылып жатқан нысан 150 жер телімі мен 5 көп қабатты үйге есептелген. Кәріздік жүйенің ерекшелігі тұрғындар пайдаланған кәріз суын қайта өңдеп, өңделген таза суды егін суғару мен балық шаруашылығына пайдалануға болады дейді мамандар. Нысанның құырылыс жұмыстары ағымдағы жылдың қазан айында аяқталмақ.Айта кетерлік «Жұмыспен қамту жол картасы 2020-2021 жылдарға» арналған бағдарлама шеңберінде кенттің ішкі көшелерінің тозығы жеткен 8,4 шақырымды құрайтын электр желісі толығымен жаңартылып, 120 дана бағана орнатылып отыр.
Алдынғы жаңалық